Тарихи шешім - тарихи сурет

/uploads/thumbnail/20170708152953564_small.jpg

Бүгінгі мерекеге арнап осы тарихи сүретті жәриялағым келді!

10517278_10203187668507475_3795372251885855835_o

Бұрынғы жылдары тойлаған Астананың күніне қарағанда, биыл маңызын ерекше сезініп отырмыз! Негізгі стратегиялық мағынасы енді алдымыздан шықты. Ел орданы Ақмолаға ауыстыруды көп азаматтар түсінбеді, қарсы болды. Алматыда барлық жағдай жасалған, білікті, білімді қызметкерлер барлығы сонда. Күн жылы, ғимараттар дайын. Айдалаға апару, күні суық, тоқтамайтын жел ... Ол жаққа кім барады деп о

йлады біраз адам. Дәл солай облыстарды неге қосты деген сұрақ қойылды. Дегенмен көпшілік толық идеясын түсінбеседе ортақ шешімге тоқтады. Бүгінгі геосаяси жағдайға қарап - кезінде дұрыс жасалған екен, көрегендік шешім , стратегиялық көзқарас деп бағалаймыз. Сол кезде дау дамай шығармай ел ағалары ортақ тарихи шешімге келгені - кәзіргі мемлекетіміздің тұтастығының кепілі. Ұзағынан болсын! Қазір де көп мәселелерде стратегиялық мән жатыр. Түсінбейтін жерлері де бар. Іштей қарсы болуымыз мүмкін. Дегенмен еліміздің болашағы үшін дауыстап айтқызбай-ақ, ұзақ мерзімдегі мақсатын түсініп, бір ортақ шешімдерді қолдаумыз керек болып тұрады. Тактикалық ұтылыс болып көрінгенмен - кейінгі стратегиялық ұтысқа арналғанын сезінү керек. Ымды түсінбегендер - дымды түсінбейді демей ма? Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі керемет дәуірде өмір сүріп жатырмыз - біздің көзімізше ата-бабаларымыз аңсаған егеменді Қазақ мемлекеті құрылып, әр қайсымыз Мәңгілік ел болуына үлесімізді қосып, еңбектеніп жатырмыз! Сол Мәңгілік Ел болу үшін қажет болса - бір ауыздан қолдап , арамызға араңдатушыларды жақындатпай бір сапқа, иық тіресіп тұру керек. Мерекемізбен Қазақ Елі!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар