Қайрат Нұртас тағы да дауға қалды

/uploads/thumbnail/20170708152955583_small.jpg

Жұлдыздар шоғырының әрбір жұлдызы жарқырап жанған сайын кедергілері мен даулары көбеюде. Кеше ғана халық әртісіміз- Роза Рымбаеваның ұлттық тағамды ұлықтауы дауға айналып арты Бақтияр Артаевтың біреуді ұрды деген жалған ақпарымен толығып, енді міне эстрада жұлдызымыз Қайрат Нұртастың да басы дауға қалды. Қ.Нұртастың бұл бірінші дауы емес. «Прайм-Плазаның» алдында болған жанжалдың шоғы қайта келіп қайраттың етегіне түсті. Дәлірек айтсақ, MCKZ арнасының ашылу салтанаты кешіне белгілі әнші Қайрат Нұртас келеді деп жоспарланып, жұрт жабыла билет алған. Өкінішке орай алаяқтардың алдауына түсіп қалған жалғыз халық емес әншінің өзі де болып отыр. Ән салуға келген Қайратты ешкімде күтіп алмаған, әрі ұйымдастырушыларда ізім-қайым жоқ болып кеткен. Қ.Нұртас тек басқа жұлдыздар секілді бір-екі ән айтып кетуі керек болған. Бірақ, халық басқаша ақпар алған соң әншінің дайындықсыз келіп бір-екі әнін қайталап айта беруіне де тура келген. Бәрінен бұрын баласы үшін шыр-пыр болған анасы әрі продюсері – Гүлзира Айдарбекова. Баласы елді сабырға шақыру үшін ортаға шығып, « құрметті көрермендер, мен басқа әншілер сияқты келіп ән айтып кетуім ғана керек болған. Бірақ, осындай келеңсіз жағдайға тап келіп отырмыз әрі отырмын. Билетте кештің қонағы Қайрат Нұртас деп тұр, қараңыздар. Мен Қайрат Нұртас болғаннан кейін менің суретімді шығарып қойған, как будто менің концертім сияқты. Егер рұқсат болса мен ән салып берейін әлде қалтамнан ақшаларыңызды қайтарып берейін» -деп ағынан жарылған Қайратқа халық «ән салсын» деп шырқап еді. Бірақ, соңынан анасына келіп ақша талап еткен.

Мира Ақжігітова есімді концертке қатысушы азаматшаның берген сұхбаты. Сұхбатты дайындаған «Массагет.кз» сайыты. - Билетті 3500 теңгеге алдық. Қайрат Нұртастың қатысуымен бір телеарна ашылуы керек екен, Қайрат 1 сағат ән айтады деген, тағы басқа әншілер болады деп хабарлаған. Ашылуы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады дедлінді. Бүгін түстен кейін – Атакентте болады деді. Атакентке де бардық. Сөйтсек, Райымбек көшесіндегі «Дәулет» мейрамханасында болады деп тағы өзгертті. Сонда таксимен бардық, зал толы екен. 20-30 шақты адам далада тоңып тұрдық. Сол тұрғанымызды Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова көріп, телефон номерлерімізді жазып бер деді. Бірақ кейін өзі жоқ болып кетті. Администратор келеді деген соң, оны да күттік. Бірақ ешкім келмеді. Сосын сонда арыз жаздық.

Даудың басы Дайрабайдың сиыры демекші, елдің дауы – жұлдыздар болып кеткені оғаштау.

Марұлан Ақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар