Дәл осы уақыттарда АҚШ-тың Бостон қаласында қазақ студенті Азамат Тәжияқовқа қатысты сот тыңдалымы болып жатыр. Өткен аптада Азамат пен тағы бір жерлесіміз Диас Қыдырбаевтың бостандыққа шығуға мүмкіндіктері бар екенін хабарлағанбыз.»-
деп, хабарлайды КТК телеарнасы.Еске сала кетсек, Массачусетс университетінде оқитын қос қазақ баласы былтыр сәуір айында тұтқындалған еді. Оларға Бостондағы марафонда жарылыс жасаған ағайынды Царнаевтарға көмектесті деген айып тағылған. Царнаевтың жыры баяғыда біткен. Бірақ, біздің қос бірдей азаматымыз соттың шырмауынан шыға алмай әлі жүр. Соттың шырмауы ма әлде біздің әлсіздігіміз бе бұл?! "Қамшы" сілтейді
Пікір қалдыру