Жылына Ресейге Қазақстаннан 622 мың мигрант барады екен

/uploads/thumbnail/20170709184735645_small.jpg

kp.ru сайтында «Мигранттар көзге көрінбейтін желеткелерін киіп ап достарының орнына орыс тілінен емтихан тапсырып жүр» деген сұхбат шыққан болатын. Бұл жерде Ресей мемлекетінің миграциямен күресі жайлы айтылған. Осы мақаланы Қамшы порталы қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынып отыр.

РФ Президентінің жанындағы мемлекеттік және Ресей халық шаруашылық академиясының миграция және этникалық зерттеу орталығының директоры Евгений Варшавер.

СЫРТТАН КЕЛУШІЛЕРДІҢ ТАБЫСЫ РЕСМИЛЕНДІРІЛЕДІ

- Бір кездері доллардың екі есе көтерілуіне байланысты мигранттар Ресейде қалу тиімсіз деп  жаппай Мәскеуден кете бастады. Сол рас па?

- Орта Азияға қатысты миграция деңгейі төмендеді. Бірақ, бірден себебі сол деуге де болмайды(ақпараттық графиканы көріңіздер). Әрине, бір жағынан дағдарыстың салдары да әсер етті. Екінші жағынан елге кірушілерге деген тексеріс қатаң қолға алынды. Бізге заңды түрде жұмыс істеген тиімді. Көпшілігін осы жасырын емес түрде елге кірудің бағасы шошытты. Мәскеуде бұл 20 мың рубль болады. Бұл ақша миграциялық орталықтағы мемлекеттік баж салығын (ол жерде дактилоскопия және медкомиссиядан өтеді, керек құжаттар пакеті дайындалады) және орыс тілі мен тарих сабағынан өтетін емтихан шығындарын қамтиды. Қосымша айына патент үшін 4200 рубль төлеп отырады. Осынша ақшаны кейбір гастрабайтерлер бірден тауып бере алмайды. Бірақ, көбісінің бұл мәселесін жұмыс берушілері шешіп жатады. Кейін жалақыларынан ұстайды екен.   

 

-Олар міндетті түрде емтихан тапсыру керек пе? Шындығында көбісі екі сөздің басын қосып айта алмайды.

- Біздің зерттеу 5 мың адамды қамтыды. Қызметкерлеріміз мигранттармен құрылыс алаңында, жатаханаларда, базарларда, сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы сөйлесті. Тексеріс нәтижесі жасырын емес пайда дұрыс жолмен келе жатқанын көрсетті. Келушілер онсыз да жасырын емес жолмен жүрсе де, бәрі бір орыс тілінен емтихан тапсырады. Егер де құлап қалса, бұл заңсыз елге кірушілердің қатарына кіреді дегенді білдірмейді. Ол кез келген уақытта емтиханды қайта тапсыра алады. Сөйтіп, бір жолын табады. Тәжірибе көрсеткендей, орыс тілін жақсы білмейтіндер орнына тілді жақсы меңгерген достарын жіберіп сертификат алады.

 

Көбінесе қай елден келеді?

Елдер

Сәуір 2016

Сәуір 2015

Сәуір 2014

2 жылдағы беталыс

Украина

2 млн. 487 мың

2 млн.

555 мың

1 млн.

650 мың

+837 мың

Өзбекстан

1 млн.756 мың

2 млн.104мың

2млн.405мың

-649 мың

Тәжікстан

878 мың

972 мың

1млн.080мың

-202 мың

Беларусия

654 мың

536 мың

399 мың

+255 мың

Қазақстан

622 мың

644 мың

566 мың

+56 мың

Қырғызстан

574 мың

504 мың

531 мың

+43 мың

Әзербайжан

519 мың

556  мың

590 мың

-71 мың

Молдава

478 мың

553 мың

575 мың

-97 мың

 

ЧАЙНА-ТАУН АСТАНАМЫЗДА ПАЙДА БОЛМАЙДЫ

- Мәскеуге бір елден ғана келушілер саны байқалмай ма?

- Ондайлар жоқ және бола алмайды да.

- Неге? Үлкен Нью-Йорктің өзінде де Чайна-таун пайда болды емес пе? Басқа да әлемдік үлкен елдерде мұндай этникалық аудандар бар.

- Мәскеу о баста басқаша салынған еді. Совет өкіметі кезіндегі 70 жылғы биліктің өзінде  миграция экономикамен, заводтармен, ең басты жұмыс орындарымен нақты құрылымдалған. Иә, қазір көптеген алып өнеркәсіп орындары жоқ. Бірақ, алдын-ала жасалған дүниені өзгерте алмаймыз. Бізде, Европаның елдеріндегідей мигранттарға арналған жеке мектептер жоқ. Сол себепті, Мәскеуде сырттан келуші жас буын өздерінің жерлік замандастарымен бірлеседі. Егер, сырттан келген алғашқы буынның қоғамға еніп кетуі үшін әлі де қиындықтары бар болса, ал олардың балаларында ондай қиындықтар жоқ.  

- Бірақ, параллельді Мәскеу бар ғой? Мигранттар өздері үшін құрған Мәскеуліктер білмейтін инфраструктура…

- Барлық жердегідей. Мысалы, Мәскеуде қырғыздар үшін жұмыстан соң демалатын жүздеген кафелер бар. Қырғыз елінен келушілерге өзбек және тәжіктерге қарағанда елдің азаматтығын алу жеңілдетілген түрмен берілген болатын(2011 жылға дейін оларға ресейлік куәлікті үш айдың ішінде берген. Авт.). Мәскеуде мигранттарға қарағанда өз кәсібін ашу осы азаматтарға жеңілірек болды. Оның үстіне тәжік пен өзбектер Ресейдің барлық қалаларына жіберілсе, қырғыздар көбінесе Мәскеуге келеді Олардың арасында көбі - қызмет көрсету салаларының «жапондық» желілік мейрамханалар мен фастфуд кафелерінде.

 

БАСҚА ПІКІР

Бізге осынша шетелдік жұмысшылар қажет пе?

- Менің көзқарасым бойынша біздегі миграция көрсеткіші шамадан тыс, - дейді РФ Президенті жанындағы Ресей стратегиялық зерттеу институтының жетекші сарапшысы Игорь Белобородов. – Біз дәл осы бағытта шығыстық тәсіл бар екенін біле тұра батыстық тәжірибені қолдануға тырысамыз. Мысалы, Жапония – өте жабық ел. Жоғары жақтан «Бізге осынша мигранттар керек пе?» деген сұраққа әлі жауап жоқ.

Әлеуметтік сұрақтардың жауабы бойынша тұрғындар көбіне Орталық Азия, Солтүстік Кавказдықтарға сенімсіздікпен қарайды, яғни, РФ азаматтарына деген сөз. Бізде неге екені белгісіз тұрғындарды өздері тұрып жатқан жерлері бойынша бекітуге деген әрекет жоқ.  

Егер барлық мигранттар бізге қажет болса, онда оларды елде таратып қоныстандыру керек. Бірақ, бұл түсінік бізде жоқ.  Есесіне тұрғылықты тұрғындар тастап кетіп жатқан бос қаншама жерлер жатыр. Миграция жайлы мәселе сырттан келушілерге берілген  патенттің пайдасымен ғана шектеліп қалғаны дұрыс емес. Кейін бұл өзімізге зиян болуы мүмкін. .

ТЕК САНДАР

Мәскеуде қалалық бюджетке 12 миллиард рубль түсетін жылына 400 мың патент беріледі. Көптеген мигранттар пара беріп, жалған құжатқа шашылып және полициядан қашқанша, енді заңды патент ала алады (оларды 2014 жылы енгізген).

Автор: Александр РОГОЗА

Аударған Әйгерім ӘМІР

Қатысты Мақалалар