Әлемдік БАҚ өкілдері АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп Ақордамен телефон арқылы байланыс кезінде Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған Қазақстанның жетістігін «ғажайып» деп бағалағанын жазады.
Дональд Трамп ең қуатты әлемдік державаны басқаруға дайындалып жүр және географиялық жағынан алға жылжымақ ниетте. Әлбетте, Ресей мен Қытай аралығындағы он ірі мемлекетке кіретін, әлі де сарқылмаған ресурстары бар Қазақстанды байқамай қала алмады. Қазақстанның 25 жыл бұрын ғана әлем картасында пайда болғанын Трамп «ғажайып» деп баға берді. Тек бұл мемлекеттің ширек ғасыр бұрын емес, бес жүз жарым жыл бұрын пайда болғанын білмесе керек-ті.
Батыстық адамдардың Шығыс және Орталық Азия елдері жайлы «әлсіз» білімдері әлемді қабылдау жағынан біржақты бағытталған деп ойламай, мемлекеттерді жоққа шығара салуды дұрыс көретін сыңайлы. Білімдерін стереотиптерге алмастырып, Қазақстан Кеңес Одағының емес, Алтын Орданың құлауынан пайда болған мемлекет екенін естерінен шығарып ала береді. XV ғасырдың өзінде Керей мен Жәнібек өз елін құру мақсатында шығыста Дешті Қыпшақтан бастап Моғолстанға дейін, батыста Жетісуға дейін биледі.
Дональд Трамп 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан құрылмағанын, керісінше, Ұлттық Мемлекеттің қайта қалпына келгені жайлы, тіпті, сезіктенбеген де шығар. Әйтпесе, ол қазақ тарихының соңғы 25 жылын емес, 550 жылды атап өтетіндей еді.
Аударған Шайхы Марал