ҰҚК: Ақтөбедегі заңсыз мұнай саудалаумен айналысқан топтарға салафиттердің қатысы бар (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709184737082_small.jpg

Бүгін Ақтөбе мұнай өңдеу зауыты аумағында және қала ішінде өткен арнайы операция туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлама таратты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«7 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюрожәне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Ақтөбе облысында және елдің басқа да бірқатар өңірінде мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаумен, заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою жөніндегі көлемді арнайы операция бастады. Жедел іздестіру шаралары барысында мұнай ұрлығына қатысы бар бірнеше азамат ұсталып, мұнай өнімдері құйылған автоцистерналар тәркіленді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұнай ұрлаумен айналысқандарға қылмыстық «қамқорлық» жасап келген салафизм ағымының бірнеше өкілі ұсталғанын да хабарлады.

Қазір ұсталған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайларында, ұрланған мұнайды сатуға қатысы бар делінген кәсіпорындарда тінту жұмыстары жүріп жатқан көрінеді.

Қолда бар деректер бойынша, Ақтөбедегі мұнай өңдеуші зауыт 2011 жылдың наурызында ашылған. Сол жылдың сәуір айында алғашқы өнім шығарылды. Алғашқы жылдары 150 мың тонна мұнай өңделіп, 2013 жылы қуаттылығы 300 мың тоннаға жеткен.

Қатысты Мақалалар