Индонезияның Суматра аралындағы 6,5 балдық жойқын зілзала құрбандарының саны сағат сайын артып келеді, деп мәлімдейді 24kz. Соңғы мәлімет бойынша, 92 адам ажал құшқан. Тағы жарты мыңға жуық тұрғын жарақат алып, ауруханаға түскен. Табиғи апаттан кейін көптеген тұрғын үйлер, мешіт, мектеп, асхана және дүкендер қирап қалды. Қазір үйінділер астында қалып қойғандарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар зілзаладан кейін 10-нан астам жерасты дүмпуінің тіркелгенін хабарлады.