Суреттің көрсеткен қыры...

/uploads/thumbnail/20170708153012660_small.jpg
Айтпақшы, бүгін күн ыстық болғасын аздап салқындауыма бір септігін тигізіп қалар деген үмітпен дүкеннен балмұздақ ала салғам. Сыртына да мән беріп жатқам жоқ. Қолыма алып, далаға шыққанда бір-ақ көрдім. Сенесіздер ме, жемей жатып-ақ мына суретті көріп денем мұздап сала бергені. Жоқ, көзім еш алдамаған екен. Құдды, бейнебір сонау қылышынан қан тамған КСРО қайтып тіріліп келгендей анық күй кештім(( Алла бетін әрі қылсын әрине. Құдай "сақтансаң сақтармын" дейтін бе еді, мынадай ұсақ-түйек нәрсенің артында үлкен идеологиялық құрал жатқан тәрізді меніңше. Әсіресе, балмұздақты көп сатып алатын бозбалалар мен бойжеткендердің санасын осылай улап жатқаны өкінішті жәйт! Мысалы сіз мына балмұздақты Аспан асты елінен таба аласыз ба? Жооқ! Өйткені, ол жақтың идеологиясы өте мықты деңгейде. Шекарадан аттатпайды да. Дұрыс түсініңіздер, біз тақырып таппай еріккеннен айтпаймыз, тәуелсіздігімізге төніп келе жатқан осындай есерсоқ дүниелерден қауіптенгендіктен айтамыз. Қазір білем, осы суретті көріп, барлығы дерлік, "тұрса тұра берсін, одан не қауіп" немесе "қауіптенетін нәрсені тапқан екенсің, бұл жәй ғана балмұздақтың сырты ғана" деріңіз айдан анық. Алайда "кеңестік дәуірдің Қызыл Туын көрсем қазақтың төгілген қызыл қанын көргендей боламын" деп ешкім айтпайды. Міне, бейқамдылық, міне немқұрайлылық. Маңдайымнан суық тер бұрқ ете қалды! Рафхат ЖұмабайK3meTpt_e6Y

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар