Жақында ғана жарық көрген "Зерде" атты ұялы смартфонның Шығыс Түркістан аймағында кеңінен талқылауға түскені белгілі. Тіптен еңбектің арты жемісін беріп, тұңғыш қазақ тіліндегі ұялы құрылғының тұсау кесілді. Атағы алашқа ғана емес,әлемге әйгілі болып кетті. 21 жастағы Қуанақын Серікұлы қазақтың жетістігін әлемге паш ету үшін, әлемдегі ең ірі көшпелі құмды шөл Такла-Маканды жаяу кесіп өтіп, Гиннесс кітабына енді. "Зерде" ұялы смартфонның жетекшісі - Ақытбек Шеризатұлы құрылғының ауқымын кеңейтіп, қазақ жерінде де тарала бастауы үшін көмек сұрап отыр. Көкірегі ояу, көзі ашық қазақтың жомарт бір азаматы "Зердеге" зер салып, көмек қолын созар деген үміттеміз.
![photo](/uploads/image_news/20170708153013751.jpg)
сурет "Массагет" сайытынан алынды.
Пікір қалдыру