Желтоқсан-86: 30 жылдан кейінгі шындық

/uploads/thumbnail/20170709185436832_small.png

Exclusive.kz порталы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаның мұрағаттағы серияларын жариялады. Алтынбек Сәрсенбайұлы қорындағы мұрағаттарға сүйеніп жасалған арнайы жобаның бір саны қазіргі президенттің сол кездегі сұхбатына арналған. 

Нұрсұлтан Назарбаевтің 1987 дылы «Дружба народов» журналына Қазақ КСР Кеңес Министрінің төрағасы ретінде берген сұхбатын «Қамшы порталы» оқырман назарына ұсынады.

                                                                                                              Айығу

КОКП ОК мүшесі, Қазақ КСР-ның министрлер кеңесінің төрағасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Дружба народов» журналының арнайы корреспонденті А.Никишиннің сұрағына жауап береді.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Алма-Атадағы 1986 жылғы оқиғадан кейін аз уақыт өткен жоқ. Қазақстандағы болып жатқан қоғамдық ахуалды қалай сипаттайтын едіңіз?

- Мүмкін, бір ауыз сөзбен «айығу» деп. Осы жылдар бойы көп тауқыметтер, көп шындықтар онжылдықтар бойы айталмай келді. Қазір айығудың кезеңі.

- Сіз бұл сөзге қандай мағына бересіз?

- Бүгінгі күндері біз сұрақты өршелене қоюдамыз: жыл сайын қабатталған негативті оқиғалардың, үрдістердің түбірі қайда? Олар өткен жылғы қыста болған оқиғаның себепкері ғана болып қоймай, республиканы экономикалық, әлеуметтік, моральдық жағынан артқа тастады. Қайта құру тағдыры – мұның бәрін біз жақсы түсінеміз және өткен қателіктердің олқылықтарын қалай толтыратынымызға байланысты.

- Қайта құруға қатардағы жұмысшыдан бастап, бірінші дәрежелі басшыға дейін, бәріміз ат салысуымыз қажет деп айтамыз. Бірақ, егер осы басшы деп отырғанымыз өзін масқара етіп, пара алудан батпаққа белшесінен батса, қайта құру туралы қандай әңгіме болуы мүмкін? Сіздің пікіріңіз?

- Бұл жағдайға екі пікірдің болуы мүмкін емес: ұрлады, заңды бұзды – қайта құру жайлы әңгіме емес, қылмыстық жауапкершілік жайлы, қатаң жаза жайлы әңгіме. Бірақ басқа да жайттар бар. Біреу берілген тапсырманы орындай алмады, таланты жетпеді, шамасы жетпеді. Ол қайта құрудың қарсыласы емес. Егер ол басшы болса, қатардағы  жұмысшы орнына қайта жібереміз. Ондайларға уақыт беріп, бір мәрте шанс беруіміз қажет. Өкінішке қарай, басқа басшыларда өзіне тиесіліден басқаны ала берсем дейтін әдет болып кеткен. Қазақстанда аурухана, поликлиника, перзентхналар тапшы кезде үлкен соммалы қаржы сән-салтанатты әкімшілік мекемелерге, музейлерге, сарайларға, беделді нысандарға талан-таражға түсіп кетті. Облыс орталықтарында әртүрлі резиденциялар пайда болды. Олардың құрылысына мемлекеттің қаржысын заңсыз пайдаланып келген. Бұның бәрін халықтан жасырып келген. Бұл жайлы мен Қазақстан Компартиясының 16-сьезінде, бір жыл бұрын айтқан болатынмын, ал жағдайды енді реттестіре алдық. Аз уақыттың ішінде денсаулық сақтау министрлігінің қарауына тапсырылып, балалар орталықтары мен көп балалы отбасыларға 800-ге жуық әртүрлі ведомстволық резиденциялар, коттедждер берілді. Енді осы нысандармен мыңдаған жұмысшылар мен олардың балалары қолдана алады.

- Құрылысты көптеп сала беруге болады, бірақ егер тұрғын үйлер тәртіп бойынша үлестіріліп берілмейтін болса, тұрғын үй тапшылығы бәрібір сол қалпында қалатын сияқты. Мен бұл жайлы жайдан-жай айтып отырған жоқпын, сіздің республикаңызда осы сұрақ тұрғысынан  қателіктер мен еркінсулер болып жатқан соң айтып отырмын.

- Бәрі дұрыс. Ашкөзділіктің қабынуы республикадағы біраз басшыларды жайпап өтті. Әсіресе, бұл тұрғын үй сұрағына келген кезде жандана түсті. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеттінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың бұрынғы көмекшісі Бекежанов, бұрынғы ОК-ның іс басқарушысы Статенин «өз адамдарына» тұрғын үйді кезектен тыс беру туралы  бастықтарының атынан бұйырып отырған, ал олардың бұйрықтары бұлжытпай орындалып отырды. Республикалық Мемлекеттік жоспарлау комитетінің бұрынғы басшысы Мұхамед-Рахимов барлық ережелер мен қағидаларды ескерместен өзінің достары мен тамыр-таныстарына сыйлыққа беріп келген. Әлеуметтік әділеттілік негіздері тұрғын үйді үлестіруде тамыр-таныс, туысқандық сияқты нәрселермен алмастырылып кетті. Және мұның бәрі 20 жыл бойы үйге кезекке тұрған 3 мың жарым-жан отбасы мен соғыс ардагерлері тұрмысқа жайлы тұрғын үйге қол жеткізе алмайтын қалада орын алып жатыр. Қалалық атқару комитеті екі жарым жылда соғысқа қатысушы мүгедектерге, тіпті, 1 метр де тұрғын алаңы берілмеген, бұрынғы басшылардың салғырттығы әдетке айналып, шеткі аймақта қызмет ету барысында үйлерін туыстарына тастап кетіп отырған. Қала орталығынан бес бөлмелі жабдықталған үйде екі-үш адам тұрса, басқа 10-12 адамдық отбасылар еш жағдайсыз шағын бөлмеде тұруға мәжбүр болған.

- Енді осы пәтерлерді үлестіруді қолға алсақ...

- Осы мәселені қолға алып, тәртіп орнатуға тырысып жүрміз, сеніңіз. Сұрақ былай қойылып тұр – алынған тұрғын алаңы отбасы құрамына сәйкес келуі керек. Тәртіпті орнататынымызға сенімдімін, бұл жерде қалыс қала алмаймыз, өйткені тұрғын үй мәселесі өршеленіп тұр, сондықтан бұл істе асыра сілтеу адамдарда қазіргі басшыларға күмәнмен қарайды.  Қазір маңыздысы, басшылар тұрғын үйге деген талап күшейтілетінін түсіну керек. Мәселені шешу жолын істе көрсете білу керек.

- Сіз КОКП-ның XXVII съезінде сөз сөйледіңіз, ол нақтылығымен, зеректілігімен есте қалды. Оған қоса, мәселені шешуден қашқан Қазақстан партия басшысының баяндамасының аясында...

- Іске үлкен қауіп тудыратын кадрлық ақауларға көз жұма қарауға болмайды. Ауыл шаруашылығына ондаған миллион рубль аударылды, негізгі өндіріс қорлары үш есеге артты, өнім өндіруде өзгерістер болмады. 1982-1986 жылы ауылдарда жартыдан астам кеңшар бастығы мен ұжымшар төрағасы ауысты. Еңбек өнімділігі, табыстылық, тауар өндіруге жұмсалған ақша, өнім сапалығы көптеген шаруашылықтан таса болып қалғаны кездейсоқтық емес. Тауар өндірілуге жұмсалған ақша 7 миллиард рубльге жетіп, Госбанкке 12,3 миллиард рубль қарыз болдық. Бірақ есеп беруде бәрі дұрыс деп көрсетеді, ең сорақысы Компартияның ОК баяндамасында да бәрі дұрыс деп көрсетілген.

Компартияның ОК басшылығы ше?

- Біз бәріміз тоқыраудан шығу амалын табамыз, республика өмірін қалпына келтіру жұмыстары басталады деп күткенбіз. Бірақ жоқ, олай болмады. ОК басшылығы және оның кейбір бөлімдері бірге шара қолдану, кемшіліктер мен кедергілердің жоюдың орнына сындарды жоққа шығарды. Ал біз шындықты тура айтамыз деп, жарамсыз, ұнамсыз адамдардың қатарына жаттық. Бұрындары ондайларды қызметінен ауыстыратын, бірақ сәуір айының алқалық жиналысынан кейін бұған күш жетпейтін болып қалды. Қазақстан Компартиясының съезінде трибунада тұрып: «Ғылым Академиясы біраз уақыт бойы сынға ұшырамады, өйткені оны Қонаевтың ағасы – А.Қонаев басқарып отырды», – дедім. Экономикалық өсудің қарқыны төмендеу себептерінің бірі ғылым мен ғылыми-техникалық прогресстің төмендеуі. Ал оны біздің Ғыдым Академиясы, оның біраз институтында тамыр-таныстық өршеленіп тұрса, егер кадрлар туысқандық жолмен алынатын болса, егер жалған есеп болса, көзбояушылық болса, егер істелмеген істер істелдіге саналса қалай қамтамасыз ететін еді. 12 жыл бойы қазақстандық ғылымды осылай басқарып келді. Ғылым Академиясының президентінің өзі А.Қонаев маскүнемділікке салынып, апталап жұмыста бой көрсетпейтін. Еңбегіне қарай академиктерді көтермелемейтін, көбіне партия принциптеріне де қарайламайтын. Қазақстан КП Орталық Комитеті бюросына да сын айтылмай өтпеді. Қайда бармасам да, олқылықтар кездесті. Жеке амбициялары жүре бастағанда, жұмыс үстеу мүмкін емес болатын. Бірақ сіз мұның бәрін журналға қалай түсіретініңізді білмеймін. Барлығы жайлы қалай жазып шығуға болады? Назарбаев – қайта қалыптастырудың ұлы азап шегушісі деп па? Керек пе өзі?

- Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстандағы қайта құрылу жайлы сұрақ қойғанымда, сіздің бұл іске қалай кінәмшіл қарайтыныңызды түсінемін. Елімізде қайта құрылу жүріп жатыр. Пресса да қайта құрылып жатыр. Кешегі құпиялар бүгін мәлім болып жатыр. Қоғамдағы кертартпа әңгімелерден құтылу үшін шынайы мәлімет керек. Бүгін біз тыйым салынып келген жамылғының сырын ашамыз. Қоғам бұдан жаман болмайды, керісінше әділдікке сенімдері нығая түспек. Бұл қайта құру үшін күрес және ол жарияланушылықтың фактісі болу керек.

- Егер сіз сұрақты осылай қойып отырсаңыз, онда мен сіздің жақтасыңызбын. Мен Қарағанды металлургия комбинатында тоғыз жыл жұмыс жасадым, он сегіз жыл партиялық, комсомолдық және кеңестік жұмыстарда істедім. Осы жылдар ішінде мен 85-жылы сәуірде сол кездегі басшыға қарсы шыққанымнан бастап осыншама анонимдік хаттар алып көрмеппін. Қонаев маған: мен кімдердің көзін құртпағанмын және сенің де көзіңді жоямын деп айтты. «Менің жолымнан кет, сен карьеристсің, ештеңе шықпайды, осыны есіңде сақтап ал!». Мен: «Тақ үшін таласпаймын. Мен мамандандырылған металлургпын және егер ОК мені басқа жұмысқа қажет деп тапса, мен дайынмын» дедім.

Ол маған: «Менен көресіңді көресің!», –  деді. Иә, мен расыменде көрдім. Бәрі болды: қауесеттер, жала, қоқан-лоқы, өтірік. Ұйымдастыру жағын бұл істің «маманы» Бекежанов мойнына алды...

- Алма-Атадағы пәтерлерді үлестіру ісін «дөңгелетіп» алып кеткен кісінің өзі ме?

-Иә, Қонаевтың көмекшісі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитететінің VIII Пленумында әшкереленді. «Антиназарбаевтық кампанияны» ұйымдастыруды қолға алған. Қызым университетте оқиды, ал мединститутта күйеу балам оқиды. Оларды бірінші курстан бесінші курсқа дейін тексеріп жүрген, қызымның сабақтан қалған күндері бар-жоқтығын, әкесінің арқасында қабылдау емтихандарынан өтіп жүрген жоқ па, күйеу баламның мединститутта бұзақылық қылықтары болды ма, мединститутқа қалай түсті? Бәрін бірін қалдырмай тексеріп отырды. Менің әр қадамым тексерілді. Менің ағам кеңшарда жұмысшы болып істейді, темір ұстасы. Үш баласы бар, әйелі асханада жұмыс істейді. Адамдары ол жерге де жіберіліп, менің жағдайымды пайдаланып жүр деген күмәнмен ағамның тұрып жатқан үйінің әр сантимертіріне дейін өлшеп, заңсыз тұрғызылған деп айыптауға барын салды...

- Сонымен, анықтай алды ма?

- Жоқ, барлығы заң бойынша болды, ағамда бір метр де артық болған жоқ. Олар мұнымен тоқтап қалмады. Материалдық және еңбек ресурстарының жетіспеушілігінен «беделді» нысандар мерзімінен бұрын салынды. Өйткені барлығы қарбалас, қауырт әдістермен жасалды. Мұндай құрылысқа ақша қайдан келді? 1976-1986 жылдары мемлекет қаржысынан 16 миллион рубль Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің мекемесіне, Орталық Комитеттің баспасына, демалыс үйлерінің салынуына жіберілді. Ал негізі бұл ақшалар Алма-Атаны өркендеуіне аударылған ақша еді!

- 86-жылдың желтоқсанында батыстық радио үні Алма-Атадағы оқиғаға түсінік бере отырып, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне бірінші хатшы болып қазақ емес, орыс сайланғаны оқиғаның тууына түрткі болған деп отыр...

- Нақты айтатын болсақ, жастар басшылықта орыстың отырғанынан емес, орыс болса да Қазақстаннан шыққан азамат болсын деп қарсы шықты. Тіпті, үміткер кандидаттардың атын айтты. Мұндай ақпарат қайдан келді? Жоғарғы басшылық ықпалын сақтап қалғысы келгені анық. Егер сайлайтын болсақ, ұлты маңызды емес, бірақ өз заңын қорғай білетін, республикаға емін-еркін иелік ете алатын болуы керек. Алма-Атада ақпанда пресс-конференцияға қатыстым. Сонда маған осы сұрақты қойды. Мен бізде партия ұлттық нышандарға, жеке мүддеге қарай құрылмайтынын, жылдар бойы республикада жиналып қалған, айтылмай жүрген мәселелерге қарай құрылатынын айттым. Желтоқсандық оқиға – бұл ең алдымен жариялылық, қайта құру, қоғамның демократизациясы салдарынан биліктен айырылу қаупі болғандықтан жасалған дүние. Мұны қайта құрудың жаулары билікті ұстап қалғысы келгендіктен жасаған. Бұл мақсатқа жету үшін, олардың ойларынша, барлық амал-тәсілді қолданған дұрыс деп шешіп, ойланбастан ұлтшылдықты өз мақсаттарына қолданды.

- Бірақ алаңда жұмысшылар да болды ғой. Оқиғаның қатысушыларға шығарылған айыпты және оның ішінде жұмысшылар да болғанын бәріміз оқыдық...

- Бір анадан қара да туады, хан да туады. Экстремистердің арандатушылығына ілінбеген санаулы ғана топ Қазақстанның жұмысшы табына күмән келтіре алмайды. Мен М.С. Горбачевтың 1986 жылы желтоқсанда Қазақстан тұрғындарына айтқан жолдауын алғыспен еске аламын. Саяси бюрода «қазақ ұлты табиғатынан интернациональды және арандатушылардың ыждаһатына қарамастан республикадағы интернационализмге сызат түспеген» деген болатын. Мұны теріске шығару жастардың қолы арқылы өздерінің лас ойындарын жүргізбекші болған арандатушылардың жетегіне еру деген сөз. КОКП ОК халыққа келгенде лениндік сақтық пен сезгіштікті әрдайым көрсетіп отырған және көрсете береді. Біздің халық, Қазақстанның жұмысшы табы мұны бағалайды және жақсылықты жақсылықпен қайтарады.

Дереккөз: «Дружба народов» журналы,  № 9, 1987 жыл

Қатысты Мақалалар