Майра Рысманованың ұлы өзіне қол жұмсаған

/uploads/thumbnail/20170709185435457_small.jpg

Бүгін ауруханада қайтыс болған Майра Рысманованың ұлы Ербол Ахметов өзіне қол жұмсаған. Оқиға 8 желтоқсанда орын алды. Ербол Ахметов тамырын кесіп жіберген. Абырой болғанда жігіт аман қалды. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 
Бүгін Бас прокурор Жақып Асанов қайтыс болған Майра Рысманованың әпкесі Дания Рысманованы қабылдаған еді. 
Бас прокурор Майра Рысманованың туыстарына көңіл айтып,  48 жасында дүниеден озған Майра Рысманованың жерлеу рәсіміне көмектесетінін де жеткізді.
Өзін өртеп, ауруханада қайтыс болған Майра Рысманованың қызы да Жақып Асановпен кездескісі келетінін айтқан. Алайда Астанадағы Бас прокуратураның алдында талып қалған. Оған медициналық көмек көрсетілді. 
Жамбыл облыстық ІІД сотының Ербол Ахметовке қатысты шығарған үкіміне наразы болған Майра Рысманова өзін өртеп жіберген. 
Бас Прокуратура аталмыш облыстың ІІД шығарған сот үкімдерін тексеретін ведомствоаралық топ құрылатынын мәлімдеді. Оны Бас прокурорлық орынбасары Е.А.Кененов басқарады. 

 

Қатысты Мақалалар