Бразилияда әдемі әйелдің үлгісі «үлкен санына» қарай есептеледі. Сол үшін ол жақта ерекше сұлулық байқауы әр жылы өтіп тұрады. Оның жеңімпазы әлемге «Мисс Бум-Бум» ретінде танымал. Ол қатысушының саны ең әдемі деген мағынаны береді. Әрине мұндай шоулар шытырман сәттерсіз өтпейді. Қыздар армандағы титулдарына қол жеткізуі үшін барлығына дайын. Кейде бұл кері әсерін тигізіп жатады.

27 жастағы Андресса Урак – шоудың тұрақты қатысушыларының бірі. Алайда санын үлкейту үшін жасалған кезекті отаның салдары өте ауыр болды. Қыздың терісіне тартылған гидрогель улы болып шыққан. Қызара бастаған соң, қызды жасанды демалдыру аппаратына қосуға тура келген.
Дәрігерлерде Андресса аяғынан айырылып қалуы мүмкін деген қауіп болған. Бақытына орай, ампутациясыз аяқталды. Ал бірақ үлкен санынан қош айтысуға тура келді.

Сәтсіз отамен қыздың организмі күресе алды. Ал ол ендігі подиумның моделі бола алмайды.
Андресса Құдай оны мансапқұмарлығы үшін жазалады деп ойлайды. Өлім аузынан әрең аман қалған ол өмірін толық сараптан өткізді. Өзіне сабақ болғанын айтады.

Қазір бұрынғы модель табиғи сұлулықты насихаттайды. Өзін мысал келтіре отырып, жас қыздарды отадан аулақ болуға шақырады. Андрессаның бұл кеңесі басқаларына да ой салып, жаман әдеттің бетін қайтарады деп сенеміз!