Желіде америкалықтар өз билігін мазақтап жатыр: «Барлығына орыстар кінәлі»

/uploads/thumbnail/20170709185635512_small.jpg

Интернет желісінде #russiansdidit (мұны орыстар істеген) хэштегі халық арасында кеңінен қолданылып жатыр. Америкалық желі қолданушылары өздерінің басына түскен нәубеттің барлығына ресейліктерді кінәлауға арналған бұл іске белсене араласып отыр. Мұны ойластырып отырған америка билігі деп хабарлайды kp.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

Кішкентай балаға бірқатар мәселелерді қалай түсіндіруге болады? Мысалын, сайлауда неге Дональд Трамп жеңіске жетті? Ұлы Британия неге ЕС-тен шығып кетті? Неге ыстық су ақпайды? Осы сынды көптеген мәлелелік сұрақтарға қалай жауап беруге болады? Америкалықтар мұның шешімін тапты: «барлығын да істеп отырған ресейліктер».

#russiansdidit хэштегі facebook пен twitter желісінде кеңінен таралып, әр түрлі суреттермен жазылып шығып жатыр.

Сонымен қатар өздерінің жеңілістеріне тек Хилари Клинтонды кінәлайтын  ресейлік хакерлер төңірегінде де осы сынды бірнеше шымшыма әзілдер жүр. «Менің кәнім жоқ, офицер. Ресейлік хакерлер менің жылдамдық көрсеткішімді бұзған».

Эксперттердің ойы:

  • Соңғы жылдары Батыстағы ақпарат соғысы мәнсіз-мағынасыз тұрғыда өршіп келеді, - дейді американдық саясаткер Сергей Свудаков. – Өтірік ақпараттар легі Батыстық  БАҚ-та үйренішікті жағдай болып қалды. Тіпті, Батыстық медиа-холдингтер арасында ресейліктердің ұрлығы мен қанау әрекеттеріне қатысты кім көп айыптаулар жасайды деген жарыс ұйымдастырылған секілді. Барлық айыптаулардың артында ірі кәсіпкерлердің тұрғаны айдан анық. Бүгінгі таңда ресейліктерге Клинтонның өлімі мен Титаник кемесінің батуына себепкер болған дегендей айыптаулар ғаламторда кеңінен таралып жатыр. Ақпараттық соғыстар түрлі әзілдер мен айыптаулардың арқасында дамитынын есте сақтағанымыз дұрыс.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар