Әнұран ойналғанда орнынан тұрмағаны үшін 12 адам сотталды

/uploads/thumbnail/20170709185633236_small.jpg

Дүйсенбі күні Үндістанның Тривандрум (Керала штатының астанасы) қаласында өткен Халықаралық кинофестивальдың аясында кинотеатрға келген 12 адам сотталды. Олар мемлекеттік әнұран ойналғанда орындарынан тұрмағаны үшін айыпталады.

Кешірек оларды босатқан. Алайда, 12 адамға «Лауазымды тұлғаның бұйрығын орындамай, басқа адамдарға ыңғайсыздық тудырып, ашу-ызасын келтірген» деген айып тағылуы мүмкін.

Ал жексенбі күні Ченнай қаласының кинотеатрында әнұран ойналғанда орнынан тұрмаған адамдарды соққыға жыққан. Кейінірек оларға гимнды сыйламады деген айып тағылды. Оларды екінші күні тұтқынға алды.

Өткен айда Жоғары сот кинотеатрда көрсетілетін әр фильмнің алдында мемлекеттік гимн ойнауы керек және барлығы оны тұрып тыңдауы қажет деген қаулы шығарды.

Тұтқындалғандардың бірі Indian Express газетінің тілшісіне, тұрған жағдайда, орнымызды жоғалтып аламыз деп қорықтық деп түсіндірген.  

Соңғы кездері Үндістанда мемлекеттік гимнді сыйламағаны үшін заң тұрғысынан қудаланғандардың саны артып келеді.

Қазан айында жүре алмайтын адамды мүгедектер арбасынан орындыққа отырғызған. Гимн басталғанда тұра алмағаны үшін көрермендер оған ауыр сөздер айтқан екен.  

Соңғы 3 жылда әнұран ойналғанда тұрғысы келмегендерді кинотеатрдан шығарып жіберіп отырған. Тіпті, бұл әрекеттерін бүлікке шақыруға бағалаған.

1971 жылы қабылдаған заңға сәйкес, әнұранның ойналуына немесе оны орындап тұрғандарға  кедергі келтірген адам 3 жылға бас бостандығынан айырылады немесе айыппұл салынады.

Жаңа заңға сәйкес кинотеатрларда ұлттық әнұран ойналғанда экранда Үндістанның туы көрсетілуі керек. Ал кино тамашалауға келгендер әнұран аяқталғанша  аяғынан тік тұру қажет. Ешкім кедергі келтірмеуі үшін әнұран айтылғанда кинотеатрдың есіктері жабылады. Кейінірек мүмкіндігі шектеулі адамдарға тұру міндетті емес деген заңға өзгертулер енгізілген.

Сыншылар, Жоғары соттың шешімін заңгерлік уәкілеттілікті асыра пайдаланумен сөз бостандығын жаншу деген баға берген.

Әлем бойынша мемлекеттік әнұранды патриотизммен ұштастырады.   

 

Қатысты Мақалалар