Өнер әлемінде OCHOOOU деген атпен танылып жүрген Олжас Абайдың жаңа бейнебаяны шықты деп хабарлайды "Қамшы" порталы.
Бұл туралы әншінің продюсері Ұшқын Жамалбек өзінің Instagram парақшасында хабарлады. "ТҰСАУКЕСЕР! Ел Тәуелсіздігі меретойына тарту ретінде жас әнші OCHOOOU "Ашуланбашы" атты әніне түсірілген жаңа бейнебаянын ұсынып отыр. Ең бірінші болып біздің YouTube-тегі ресми Той Думан каналынан және ugai pro каналынан көріңіз! Арнамыздан іздеңіз", деп жазды ол өз парақшасында.