Бұл жөнінде «ҚР демографиялық ахуалы туралы» өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы өткізген Әлихан Смайлов мәлімдеді.
- 2014 жылғы 1 маусымға еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрайды. 2014 жылғы қаңтар-мамырда жалпы елімізде халық саны 103,8 мың немесе 0,6% адамға өсті, - деді Төраға.
Айта кетейік, бұл көрсеткіш 2013 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 254 мың адамға немесе 1,5%-ға өскен.
"BAQ.kz"
Пікір қалдыру