Көш жайынан кімнің хабары бар?

/uploads/thumbnail/20170708153033036_small.jpg

Ағайын, көш жайынан кімнің хабары бар? Көктемнің жылы желіндей болған Қазақ көші туралы биік мінберлерлерден айтылған "жылы жаңалықтар" қайда кетті... 
Көш легі құйылар деп күткен мамыражай маусымдар жылыстап кетіп барады. Күн-күн сайын ұлтсызданудың телегей теңізіне шым-шым батып бара жатқан ағайын келеді көз алдыңа. Қазірге біздің көріп отырғанымыз демалыстағы депутаттар мен үндемеген үкімет... Қаралып жатқан шығар деген үметпен күн өтіп барады. Күн емес-ау, уақыт өтіп барады. Түсінесіздер ме, УАҚЫТ!!! Үлкен үмітке жетелейтін сөздер айтылды. Қайда болсын сөз заң емес қой. Заң өзгермегесін ісжүзінде көші-қон мәселесі бәз-баяғыдай... Жаздық демалысты пайдаланып қыдыра келгендерді де тіркеу мұң болып тұр. Ал, сонда ар жақ - бер жақтан бірер отбасы көшіп келе қалса... Азаматтық сұрай қалса... Отан деген атың бар "Кеше айтқандарың қайда?" деп қалса... "Тәуелсіз отаным, егемен елім емеспісің, неге майпоздап отырсың" десе... Құдай-ау, не бетіңді айтасың?! Ел болып не айтамыз?! Сөз қуаныш қашан көз қуаныш болар екен?

(Оразбек Сапарханның фейсбуктегі парақшасынан)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар