Мұхаммед Әлидің Манделаға жазған хаты 7 мың 200 стерлингке сатылды

/uploads/thumbnail/20170709185943549_small.jpg

Аты аңызға айналған боксер Мұхаммед Әлидің Оңтүстік Африканың аңызбен астасқан мемлекет қайраткері Нельсон Манделаға жазған хаты Англияда өткен аукционда сатылды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Англияның оңтүстік батысындағы Devizes кентінде Henry Aldridge & Son музейі жағынан өткізілген ашық саудада Америкалық боксшы Мұхаммед Әлидің қолы қойылған көңіл айту хаты  7 мың 200 стерлингке сатылған.

Спортшы хатты жікшілдікке қарсы көзқарасты ұстанған саяси партия лидері Chris Hani-ге жасалған 1993 жылы 13 сәуірдегі қастандыққа байланысты Манделаға көңіл айтып жазған.  

Айта кетсек, өмірінің жарыстысынан астамын қапаста өткізіп, Оңтүстік Африка президенті болған Нельсон Мандела 2013 жылы  95 жасында өмірден озды. Мұхаммед Әли болса биылғы жылы маусым айында 74 дүниеден қайтты. 

Қатысты Мақалалар