Әлемдегі адам баласы аттап басуға қорқатын 5 жер(Фото)

/uploads/thumbnail/20170709185951849_small.jpg

Қастандықтарға, өзін өлтірген өлімдерге, тылсым жағдайларға және түрлі аномалияға толы, шейіттерге толған жер бетіндегі 5 түрлі жерді оқырман назарына ұсынамыз. Бұл жерлерге қадам басу былай тұрсын, оқып отырып та бойыңызға қорқыныш ұялайды.  

5- Париж астындағы сүйек мазарлар

Париждің астынан 187 км ұзақтықта бойлай созылған бұл мазарлар түгелдей халыққа ашық. Бүкіл қаланың астында созылған бұл мазарлықтың қабырғалары бас сүйектер мен қаңқалармен безендірілген. Бұл мазар туннелдер көп жағдайда Париждегі маңызды адамдар үшін қашу жолы ретінде пайдаланылған. Туннел қабырғаларында кірген жанның бойын тітіретпей қоймайтын зорлық-зомбылық іздері де бар...

4- Mary King's close / Edinburgh

Орта ғасырлардағы Old Town ендігі Edinburgh-тағы Mary King's Close XVII ғасырдың  оба дерті жайлаған кезеңіндегі адамдардың өліп шіруі үшін тасталған соқпақ жүйесі. Бұл жер асылында бір карантин аймағы. Бұл жаққа келгендер әлі күнге аяқтары бірдеңе шалынғандай сезінетінін айтады.

3- Thelem монастыры

Дүниедегі әйгілі монастырлардың бірі. Оккультті , пұтқа және шайтанға табынушылық рәсімдерді атқарған бір адам Aleister Crowley тарапынан құрылған. Оның жұмыстары талайды дүрліктірген. Кейбіреулер Thelemik дініне кірген. Тіпті осы монастырь турасында фильм түсіріліп, кейін белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

2-  Чернобыль / Украина

Бұл аумақ осы тізімдегі ең талқылауға түскен жер, бірақ ең қорқыныштысы емес. Кейбір жерлері туристерге ашылған Чернобыльдің кейбір аймақтары әскер қорғауына алынған. Бұл өңір туралы біздің білгенімізден сырт көптеген спекуляциялық мәліметтер бар. Тіпті, ол жақты көзімен көріп қайтқандар шыңғырған дауыстардың естіліп тұратыны туралы айтқан...

1- Mütter Museum

Медицина мен Анатомия істерінен хабарсыз кісілер үшін дүниедегі ең қорқынышты жер.

Philadelpia мен Pensilvanya-дағы бұл музейде ұлғайған аномалия, медицина түсіндіре алмайтын жағдайлар, патологиялық үлгілер, балауыз модельдері және тіпті көне медициналық жабдықтар қойылған. Қызығушылықтан болса да, зерттеуші ретінде музейге бас сұқсаңыз омыртқаңызға дейін тітіркенетіні анық...

Қатысты Мақалалар