Президенттік сайлауда жеңіп шыққан Дональд Трамптың үкіметке келуі, американдықтардың елдегі өзгеріс орнайды деген үміті ақталмайды деген оймен Трамп келіспейтінін жеткізді. Ол туралы Мобил қаласындағы (Алабама штаты) «USA Thank You Tour» аясында сөз сөйлегенде мәлімдеді.
АҚШ бірінші ханымы Мишель Обама Опра Уинфриге берген сұхбатында, Трамптың президент болып сайлануы өзінің жұбайы Барак Обаманың ел басқарғанда жеткен жетістіктері мен американдықтардың «өзгерістерге деген үмітіне» нүкте қояды деп айтқан болатын.
«Бізде керісінше үлкен үміт пен мүкіндік бар. Бұл мемлекеттің болашағы зор. Осы керемет уақыт аралығында өмір сүру неткен ғажап десеңіздерші. Сценарий әлі жазылып біткен жоқ» деді Дональд Трамп.
Барак Обамамен оның жұбайы Трамппен Ақ үйде кездескенде олар өздерін өте сыпайы ұстаған. «Сондықтан, елдің бірінші ханымы ойын дұрыс жеткізе алмаған шығар» деп Трамп сөзін аяқтады.