Белгілі әнші Төреғали Төреәлі желіде тарап кеткен жағымсыз суретіне қатысты пікір білдірді. "Кейде өз білместігімізден қастандық жасайтын кездеріміз болады. Сүттен ақ, судан тазамын деп айтпаймын. Кеседен басқаға ернім тимеди деп те айта алмаймын", - деді ол суреттегі жігіттің өзі екенін ұғындырып. Бұл туралы шындық НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында белгілі болды.
Оның айтуынша, желіге тарап кеткен бұл сурет бұдан 6-7 жыл бұрын түсірілген.
Дегенмен, ол өзінің осындай сәттерін желіге жүктеген адамдарға да өкпелі екенін жасырмады.
"Ақсап қалған, сүрініп, шалынып қалған жерлерді табалауға ыңғайлы ғой. Өмірдің өзі сабақ, оны қайталамауға тырысамыз", - деді ол.
Естеріңізге салсақ, желіде Төреғали Төреәлінің мас күйіндегі суреті тарап кетіп, желі қолданушыларын дүрліктірген болатын.