Бірнеше айға созылып, көрерменді әр жексенбі сайын көгілдір жәшікке байлап, баурап алған «МузАРТ LIVE» жобасы өз мәресіне жетті.
60000 адамнан суырылып шығып, ақтық сынға 8 қатысушы өткен болатын. Сегіздіктен төртеу таңдалып, жаңа «МузАРТ» квартеті құрылатынын естеріңізге сала кетейік. Сәкен Майғазиев, Ақжол Мейірбеков, Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов, Кенжебек Жанәбілов, Ринат Гайсин төрелік еткен жобаның ақтық сынының шарты бойынша жеңімпаздың тек біреуін халық өзі дауыс беру арқылы таңдайды. Алғашқылардың бірі болып жаңа топтың құрамына кірген қостанайлық Серікболсын Кішкенбаев болды. Ал, қалған үш финалисті топ мүшелері қасында отырған кеңесшілерімен ақылдаса отырып таңдады. Кенжебектің көзі Нұрхат Сегізбаевқа түссе, Мейрамбек 18 жасар Әзиз Балтебекұлын топтан көргісі келді. Ұзақ ойланып, терең толғанған Сәкен өзінің бұл топқа 25 жаста келгенін, оған дейін ондаған байқауларға қатысып, бағын сынаса да жеңіске жетіп көрмегенін айтты. Сөз соңында ол Сұлтан Ахметті таңдады.
Сонымен, жаңа квартеттің мүшелерімен танысыңыздар.
Олар:
Серікболсын Кішкенбаев

Нұрхат Сегізбаев

Әзиз Балтабекұлы

Сұлтан Ахмет
