Қазақ қызының жан айғайы

/uploads/thumbnail/20170708153058374_small.jpg

Жақында Алматы қалалық әкімшілігі қала маңынан крематорий(өлген адамды өртейтін орын) салынатындығын хабарлаған. Әлеуметтік желілер мен әртүрлі баспасөзде қарсы пікірлер айтылып жатқанымен қазірге құлақ асқан ешкім жоқ. Ақмарал Алдияр есімді фейсбук қолданушы осы мәселеге байланысты өз пікірін былай деп жеткізіпті:

10252089_511208362335718_7994610494128111939_n

"Неге үндемей отырсыздар?! "осылай болыпты" деп басымызды төмен салып отыра береміз бе? Қайда әлгі діншілдер? Қайда ұлтжанды азаматтар? От ауыз, орақ тілді журналистер ше? Ел ағалары қайда? Ақсақалы бар ма бұл елдің? Биліктің тізгінін ұстаған білімді азаматтар неге үндемей отыр? Халық қалаулылары ше? Батырларымыз, спортшыларымыз неге үндемейді? Мәдениет, қоғам қайраткерлері? Кімді өртемекші мына жұртта, кімді???
Қарсылық білдіріп хат жазатын ешкімнің болмағаны ма? «Жер жоқ» деген не? Өлікке комуналдық жағдай керек емес еді ғой? Тірісінде ұлтарақтай жерді иелене алмай кетпесін. "Өзге дін өкілдері үшін" деген сылтау! "Өзгеге" біздің елдің салт-санасын қашанғы ыңғайлаймыз? Жақпаса Отанына кетсін! (ол жақта қабылдаса!!!) Ата-бабамыз солар үшін қасық қаны қалғанша қорғап па еді осы жерді? Көрінде өкіріп жатқан шығар...
Аманатқа қиянат жасамайық бұлай! Бәріміз де осы байтақ, тәуелсіз елдің азаматымыз! Салық төлеушісіміз! Жер атымызға жазылмаса да мұндайға жол беруге болмайды! Жан-жаққа хат жазып, қарсылығымызды білдірейік. Зайырлылықтың түрі осы ма? Бұл бастамаға кімдер жұмыс істеп жатыр екен? Өзі отқа оранғыр!!!

Қазақстан республикасының азаматшасы ретінде, салық төлеуші ретінде, қазақ халқының ұрпағы ретінде мен бұл бастамаға түбегейлі қарсымын!!!

PS.  Білем, "сауаты артық, дамып кеткендер" (өзін солай бағалайтын роботтар) шығып, крематорий салынғанын жақтайтын, оны түсіндіруге тырысатындар табылады. Оларға айтарым: "наныңа адал болмасаң да, қаныңа адал болшы, айналайын!"

Сіз не дейсіз? 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар