«Бекзаттарым-ай, жекжаттарым-ай,
Жекжат болып ауылыма кеп жатқаның-ай» (Кешегінің әні)
«Топ бастарым-ай, от жастарым-ай, Топас болып эфирде от басқаның-ай.» (Бүгінгінің әні)
"Ерке балам есірсін, Құдай өзі кешірсін". (Біздің мәтел)
"Бір дегенің - білеу, Екі дегенің – егеу". (Санамақ)
Жаздым саған СМС, Бес –дегенің «Беш» емес... Ниет қылсаң білуге, Інім әлі кеш емес. Тура жолдан таймасаң, Еңбегіңіз еш емес.
Інім саған алаңмын, Алаңы көп ағаңмын. Осы болса не дейін, Жеткен жері санаңның. Үйренбеген шығарсың, Қолы тимей мамаңның...
Таппағандай басқа әдеп, Маңдай соқтың тасқа кеп. Беш дегенің біздіңше, Қазанға сап асқан ет. Әлі соны білмейсің, Отау құрар жасқа кеп.
Төрт дегенің - төсек пе, Сенше әлде өсекпе? Ел бірдеңе біледі-ау, Қанша "топас" десек те. Теңдесі жоқ бір бастан, Мың бас артық,.. (есепте).
Бес дегенің – бесік пе? (Жатып па едің бесікке?) ...Ол клипке түскенше, Кірер ең-ау тесікке. Сендер шашқан әппақ ұн, Шаң ба, әлде, несіп бе?
(Бейбіт Сарыбайдың фейсбуктегі парақшасынан)
Пікір қалдыру