Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері табылды

/uploads/thumbnail/20170708153057369_small.jpg

 ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің бірі Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері табылды. Бұл жайында Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Қазақпарат.

«Федералдық қауіпсіздік қызметінен жауап келді. Біздің Жүсіпбек атамыз атылғаннан кейін Ваганьковское зиратында жерленіпті. Бұйыртса, биыл сол жерге барып тақташа орнатып, әруағына Құран бағыштап қайтсақ деген жоспарымыз бар», - деп жазды А.Жалдинов.

   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар