РЕСЕЙЛІКТЕР: "ОРЫСПЫЗ" ДЕП АЙТУДАН АРЛАНАТЫН БОЛДЫҚ

/uploads/thumbnail/20170708153056265_small.jpg

Ресейдің  Самара қаласында жүрген Айбол Исламғалиевпен шағын сұхбат жасадық. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Бүгінгі Ресей мен онда тұрып жатқан қандастарымыз туралы Айболдың сұхбатын оқыңыз. -         

Арма, Айбол!

-          Армыз! -         

Бүгінде Ресей жерінде, Самара қаласында жазғы демалысыңды өткізіп жатыр екенсің. Жалпы,  демалыс қалай өтуде?

-          Негізінде бұл елге демалу мақсатында емес, сапарлай әрі жұмыс бабымен келген едім. «Құлақпен естіген өтірік, көзбен көрген шын» ғой деп, Ресейдегі қазақтар жайында да біліп қайтқым келіп еді. -         

Сонымен, қандастарымыздың бүгінгі хал-жағдайы қалай екен? Самара қаласында қазақтардың үлесі бар ма?

-          Әрине, мұнда Орынбордан кейінгі қазақтар көп шоғырланған жер. Мұндағы халықтың жағдайы өте жақсы. Қандастарымыз да осы халықпен етене араласып, қоян қолтық болып кеткен. Әрі жағдайлары да жаман емес. Жеке бастың қамын күйіттеп, тұрмыстық жағдайларын жасап алған соң елге оралудың мәні жоқ деп жүрген сыңайлы. Бір жағы сіңісіп, еттері үйреніп кеткен. Қазақы дәстүрдің қаймағын бұзбағаны көңілімді орнықтырды. Төл мерекелерімізді бір адамдай болып тойлайды. Бір өкініштісі сол, қазақ бола жүріп қазақша ойлай алмайды. -         

Шеткері жүрсе де қазақтың қаны бойында ағып тұрған қандастарымыз ғой.  Өздерінің Отаны жайындағы көзқарастары қандай?

-          Бір сағыныш бар... Өзге елде жүріп, өз Отаны жайында жамандық айтудан аулақ. Қайта, жаманын жасырып, жақсылығын арттырып отырады. Әсіресе, елбасымыз Н.Назарбевты ауыздарынан тастамайды. Оны, шынымен, лайықты ұлт көшбасышысы деп есептейді. Елдің жүгін көтеріп, 20  жыл ішінде әлемге қазақ атын әйгілеген елбасымыз деп мақтанып отырады. Бүгінгі Қазақстан дұрыс даму бағытын ұстанған ел деп ойлайды. Жергілікті халық біздің елді бай әрі саясаты тың мемлекет деп қарайды. -         

Бүгінгі таңда Украинамен болып жатқан жағдай әлем назарында. Бірақ, сол елде жүргеннен кейін, өзіңнің құлағыңмен естіген, көзіңмен көрген шынайы дүниелерді баяндап берсең

-          Бара салғанымда, орысқа келер келбетім жоқ, бірден Украин деп бас салар ма екен деп сескендім. Дегенмен, ала көзбен қарап, қысым жасағандар аса көп болған жоқ.. Бірді-екілісінің "вот,чурка"("чурка" деп олар азиаттарды айтады, әсіресе өзбектер мен қырғыздарды,сосын дағыстандықтарды, бізше айтқанда "мамбет"дегендері ғой) дегендей аларып қарағандар болмаса тек.. саяси да, ұлтыма байланысты да ондай қысым көрмедім айтарлықтай. Украинаға қатысты нәрсеге келер болсақ,  өздерін "судан-таза,сүттен-ақ" есептейді. Мұнда АҚШ пен Батыс елдеріне деген «өкпе» қара қазандай. Украинадан келген "қашқындарға" барынша көмектесіп жүргендері,рас! Олардың ендігі саны 500 мыңға жуықталып қалыпты. -         

Осы босқындар жайында ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, қазақ жеріне де келіп қоныстануы мүмкін дейді. Осы ақпарат жайында білгеніңіз бар ма?

-          Естуім бар. Босқындардың жер ауысып келу мәселесі саяси көзқарастың айналасындағы дүмпу болғаннан кейін бе ауыз ашып, тіс жарып жатқандары байқалмайды. Әзірге талқыда жатқан дүние болған соң, бір жағына шығып айту қиын. -         

Ресей халқының Путинге деген көзқарастары қандай?

-          Ресейде Путиншілдер жағы Путиннің сөзін ақ көрсе, қарабайыр халық қара көреді. Славяндық көршілеріне жасап отырған әрекетін құптамайды. Құптамайтын себептің алды – соғыс. Соғыстың болғанын кім қаласын.  Қара халық ол жағында емес. Кешегі Совет Одағын қайта құруға бағытталған қадам, кешегі күн қылаң беріп, көрініп келе жатыр деп есептейді.  Өзге елді жүріп ұятты болдық, «орыспыз» деп айтуға арланамыз деп жаға тістеп отыр. Бұл мәселенің бәрін халық болып та, баспасөз беттері де жарыса жазып, наразылықтарын білдіруде.  Жалпы халық бір жүйеден шаршағаны көрініп тұр. -         

Сұхбатыңызға рахмет!

-          Сіздерге де рахмет!

 

 

   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар