Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз әншісі қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20250210163146908_big.webp

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті әнші Қайрат Примбердиевті қамауға алып, оның елден шығуына тыйым салды. 

Өнер иесі «ұлтаралық араздықты қоздыруға» бағытталған мәлімдеме жасағаны үшін ұсталған.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу және процессуалдық шаралар жүріп жатыр. Қырғызстан заңнамасына сәйкес, «ұлтаралық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер» үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қайрат Примбердиев «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында Кенесары ханның басын алу оқиғасын қозғап, осы жағдай үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған еді. Кейіннен Қырғызстанның мәдениет вице-министрі Марат Тағаев бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, қырғыздар өз жерін қорғаған Ормон ханның әрекеті үшін кешірім сұрамауы керек екендігін мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар