Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола медаль иеленді

/uploads/thumbnail/20250210123617951_big.webp

Шаңғы жарысынан 10 шақырымдық бағдарламада бәсекеге түскен отандасымыз мәреге үшінші болып келді. 21:20,3 уақытта келген Олжас қолаға қол жеткізді.

Бұл бәсекеде жапондық жігіттер жарады. Харуки Ямашита (21:06,5) алтын жүлдені ұтса, Күншығыс елінің тағы бір өкілі Такатсугу Уда (21:16,5) күміске қол созды.

Бәсекеге Қазақстан құрамасынан тағы үш шаңғышы қатысты. Владислав Ковалев (21:52,6) жарысты алтыншы, Наиль Башмаков (22:12,8) оныншы, Ернар Нұрсбеков (23:10,8) он алтыншы орынмен аяқтады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар