Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылатын болды

/uploads/thumbnail/20250210133510882_big.webp

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Астанадағы жылжымайтын мүлік аукционға шығарылғанын мәлімдеді.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізіледі.

Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысанды сату барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттармен жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.

Ғимараттың бастапқы бағасы - 1 883 338 958 (1,8 млрд) теңге.

Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.

e-auction.e-qazyna.kz кабинетіндегі суреттер ҰҚК-ның Мәсімов ісі бойынша тергеудің кейбір нәтижелерін жариялағандағы суреттерімен ұқсас.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұсталды.

2023 жылғы сәуір айының соңында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күштеп басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Мәсімов үкімге қарсы шығуға тырысты, бірақ апелляциялық саты жаза мерзімін өзгеріссіз қалдырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар