Астанадағы торт пісіретін цехта еден жуып, күнін көрген Эльвира Қадырова бір айдан бері жұмыссыз. Атажұртқа отбасымен қоныс аударған оралман әйелді мекеме басшылығы тиісті құжаттарын сұрағаны үшін жұмыстан шығарған көрінеді, - деп хабарлайды «Bnews.kz». Тіпті басшылар орыс тілін білмейсің деп менсінбей, өзгелерді айдап салып таяқ та жедім дейді келіншек. "Төрт адамға ұрғызды. Менің азабым өзге ұлттардан, бұл жерге азап көрем деп көшіп келген жоқпын Қазақстанға. Директорым орыс, иесі армян. Бұлар орыс тілін білмейтін болғасын менсінбей ваще. Мені жұмыстан қуған себебі, орыс тілін білмеймін. Және мен келісімшарт сұрағам, төрт балам бар", - дейді Элвира Қадырова. Елдегі өзге ұлт өкілдерінің бассыздық әрекеті ашық түрде жүзеге аса бастады. Әділеттің туын көтеріп жүрген құқықтық орындар өз ана тілінде жетік сөйлеуді білмейді. Элвираның жанына батқан азап бір адамның емес бүкіл бір ұлттың азабы болып тұр.
Пікір қалдыру