Айтыс өнері ЮНЕСКО-ның тізіміне ұсынылды

/uploads/thumbnail/20170708153103513_small.jpg
Қазақтың айтыс өнері рухани мұралар санаты бойынша ЮНЕСКО-ның тізіміне енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның брифингінде ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

 61539_33373_17

 «Біз қазақтың айтыс өнері мен бүркітпен аң аулау тәрізді дәстүрлерін ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу үшін жұмыс істеудеміз. Ал аталған ұйымның атаулы күндер тізбесіне Семей полигоны мен Аралды құтқару қорының құрылған күндерін енгізуді жоспарлап отырмыз. ЮНЕСКО Ұлттық комиссияларының бірінші өңіраралық кеңесінің Қазақстанда өтіп жатқанын пайдаланып біраз істерді қолға алмақпыз», - деді А.Мұхамедиұлы.

Айта өтейік, алдағы 22-24 шілдеде Астана қаласында ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының Бірінші өңіраралық кеңесі өтеді. Қазақстан бұл ұйымға 1992 жылдан бері мүшелік етіп келеді. Ұйымның штаб пәтерінде Қазақстанның арнайы және тұрақты өкілі бар. Қазіргі уақытта бұл қызметті белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов атқарып келеді. Ал ұйымның Қазақстандағы комиссиясын Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов басқарған болатын. Қазіргі уақытта (осы жылдың 30 сәуірінен бері – Авт.) ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарады.

 Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

baq.kz

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар