Саясаткер наразы топтың арасынан шығып кете алды (видео)

/uploads/thumbnail/20170709190243437_small.jpg

Польшаның 2017 жылға арналған қаржылық қорында заң бұзушылықтар бар деген қауесет елге таралып кеткенде, Польша халқы жаппай шеруге шықты. Варшава қаласында мыңдаған адам парламент ғимаратының алдына жиналды.

Олар Польшаның билеуші «Право и справедливость» (Құқық және әділеттілік) партиясының басшысы Ярослав Качиньинскимен кездесуді талап етті. Алайда, партия көшбасшысы халықпен кездесуден бас тартты. Құқыққорғау қызметкерлері шерушілерді ығыстырып, оның наразы халықтың талауына бермей, ғимараттан шығып кетуіне жағдай жасады.

Польшада болып жатқан шеруге қатысты Польшаның Ішкі істер Министрлігінің басшысы Мариуш Блащак мәлімдеме жасады. Ол наразылық шеруін оппозициядан көріп отыр. Бұл билікті басып алуға бағытталған әрекет деген баға берген. Мариуш Блащак тіпті кінәлі деп тапқан партияларды атады. Олар - “Гражданская платформа”, Nowoczesną  және PSL.

Егер бұл расымен де билікті басып алу үшін оппозицияның ұйымдастырғаны болса, ол тарихта екінші мәрте жасалған әрекет ретінде қалады. Себебі 1992 жылы сайлау нәтижесіне көңілі толмаған халық билікті басып алған еді.

 

,

Қатысты Мақалалар