Египеттегі Саид портында 12 және 8 жасар балалары бар бес жергілікті тұрғын ұсталды. Олар бүлдіршіндерді суретке түсіріп, интернет қолданушыларын «Алепподағы зардап шеккен балалар» деп алдаған. Бұл жайында lenta.ru порталы хабарлайды. Мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Аймақты шолып жүрген Суэц каналының қарамағына қарайтын полицей қызметкерлері бір көргеннен-ақ сол адамдардың іс-әрекетінен күдіктене бастаған.
Кішкентай қыздың үстіне қызыл бояу жағылған ақ көйлек кигізіп, қолына жәл сондай бояуға малынған жұмсақ аю ойыншығын ұстатқан. Қыздың иығын дәкемен таңып қойған. Түсірілімді биліктің шешімімен қиратылған уйлерде өткізген.
Қолға түскен фотографтар «Алепподағы зардап шеккен бүлдіршіндер» деп интернетке салатындықтарын мойындаған.
Фотографтардың басшысы төрт күнге ұсталып, қалғандары кепілмен босатылған.