Әскери бөлімде қызметте болған Қайырғали Оразжанов пен Қайнарбек Тастанбеков шабуыл кезінде қызметтерін дұрыс атқара алмағанды деген айып тағылды деп хабарлайды www.nur.kz. Алты айға жуық уақыт жүргізілген тергеу жұмыстары әскери қызметкерлердің әскери жарғыны бұзғандығын анықтады.
«Шабуыл кезінде штабтың қасында болдық. Қақпадан кіріп келген адам санын нақты білмеймін. Кезекші дәретханаға қарай жүгірді. Кейін олардың артынан біз де жүгірдік. Атыс аяқталғанға дейін дәретханада тығылып отырдық. Ол жерде бір сағаттай уақыт өтті», - дейді куәгер ретінде шақырылған сарбаз.
Бөлімшедегі шенділер шабуыл жасалған кезде жарғы бойынша қару қолданудың орнына тұра қашқан. Лаңкестермен бетпе-бет келген ұрыста тиісті шара қолдана алмаған әскери бөлімнің шенділері сот алдында жауап беретін болады.
Сот қазір оқиға болған күні бөлімшеде болған сарбаздардан куәгер ретінде жауап алып жатыр. Олар сақалдылар қақпаны бұзып кіргенде қалай қашқандарын баяндап берді. Сарбаздар қаруланған майорлардың қашып бара жатқанын көріп, арттарынан ілескен. Олар бөлімшенің дәретханасына тығылған.
Кейін майор Тастанбеков дәретхананың терезесінен шығып қашып кеткен.кери бөлімде қызметте болған Қайырғали Оразжанов пен Қайнарбек Тастанбековке шабуыл кезінде қызметтерін дұрыс атқара алмағандары үшін айып тағылды. Алты айға жуық уақыт жүргізілген тергеу жұмыстары әскери қызметкерлердің әскери жарғыны бұзғандығын анықтады.
«Шабуыл кезінде штабтың қасында болдық. Қақпадан кіріп келген адам санын нақты білмеймін. Кезекші дәретханаға қарай жүгірді. Кейін олардың артынан біз де жүгірдік. Атыс аяқталғанға дейін дәретханада тығылып отырдық. Ол жерде бір сағаттай уақыт өтті», - дейді куәгер ретінде шақырылған сарбаз.
Бөлімшедегі шенділер шабуыл жасалған кезде жарғы бойынша қару қолданудың орнына тұра қашқан. Лаңкестермен бетпе-бет келген ұрыста тиісті шара қолдана алмаған әскери бөлімнің шенділері сот алдында жауап беретін болады.
Сот қазір оқиға болған күні бөлімшеде болған сарбаздардан куәгер ретінде жауап алып жатыр. Олар сақалдылар қақпаны бұзып кіргенде қалай қашқандарын баяндап берді. Сарбаздар қаруланған майорлардың қашып бара жатқанын көріп, арттарынан ілескен. Олар бөлімшенің дәретханасына тығылған.
Кейін майор Тастанбеков дәретхананың терезесінен шығып қашып кеткен.