Бұрынғы түркілер аруақтарға ерекше мән берген. Ислам діні аруаққа қарсы емес. Қайта еске алып дұғада болып отыруды кеңес береді. Міне Түркия қазақтары Ораза айында осы екі ұғымды түйістіреді. Түрік қазақтарында әрбір отбасы оразада бір аузашар беруді өзіне міндет санайды. Әр отбасы осылайша ораза айында ауызашар беруге күш жұмсағандықтан, Түркия қазақтарына көбінде өзінін үйінде ауыз ашу бұйырмайды. Өйткені 30 күн оразада күн сайын бір үйге ауызашарға шақырылады. Міне бұл оразанын берекесі!
Бұл аузашарлар құр шай беріп ауыз ашқызу қана емес. Бұл ауызашарларда Құранға да қатты мән беріледі. Бұрыннан бала-шаға отбасы, жақын туыстар оқып бітірген Құрнанның хатым дұғасы істеліп сауабы бұрынғы өткен ата-бабалардың аруағына бағышталады.
Бір үйдің қожайыны жағдайы болып оразада ауыз ашқызып Құран хатым түсірмеседе “әй сенің әкен өлген жоқ па еді?” деп о дүниеге өткен туыстарының аруақтарына арнап Құран оқытқызбағаны ескертіледі. Ауызашарларды үйі кең болғандар үйінде, кейде өзінің үйіне симағанда көршілердің патерлеріне де қонақтар кіргізіледі. Ал үйі кең болмағандар Казак Түрклері Уакфы (Түркия қазақтары қоры), Хожа Ахмет Яссауи Уакфы, Зияжан Қажы той залы сынды қоғамдық залдарда немесе ресторандарда ауыз ашқызуына болады. Бірақ үйден ашқызғанды қазақтар көбірек сауапты деп ойлайды.
Сонымен Түркия қазақтарының ауызашарларында төрт мақсат орындалады. 1. Аузы берік адамдарға ауыз ашқызып сауабына ортақ болады. 2. Ораза Құранның жер бетіне түсе бастаған қасиетті ай. Сондықтан оразаға Құран айы да деп айтылады. Түркия қазақтары ораза үшін Құран аударады. Сөйтіп оразаның Құран айы екені ескеріледі. 3. Ауызашарда молла шақырылып аударылған Құраннын сауабы өткен аруақтарға бағышталады. Мұнымен аруақтар риза етіледі. Өйткені қазақта “өлі риза болмай, тірі байымайды” дейді. 4. Ағайын туған ауызашарда бас қосып әңгімелесіп туыстық қарым-қатнастар күшейе түседі.
Біз де осы әрі діни, әрі ұлттық осы салтқа сай жыл сайын ауызашар беріп отырамыз. Кешеде биылғы ауызашарамызды бердік. 150 адам қатысты. Қонақтарды 4 патер мен терасқа орналастырдық. Патерлерде апалар, апайлар, келіндер, қарындастар, ал ер адамдар үйдің төбесінде тераста ауыз аштық. Алла ниетімізді, оразамызды, дұғаларымызды қабыл алсын. Өткен ата-бабаларымыздың топырағы торқа болып жандары жаннатта болсын! Әумин.
Әбдуақап Қара
"Қамшы" сілтейді - qamshy.kz
Пікір қалдыру