Голландтық әке: Путин, көзіңді ашып қара!

/uploads/thumbnail/20170708153131286_small.jpg

«Апатқа ұшыраған Малайзия әуе лайнеріндегі 17 жастағы жолаушы қыздың әкесі Ресей президенті Владимир Путинге жан жүректі ауыртатын ашық хат жазды»,-дейді «Хаффингтон Пост» ақпараттық сайты «Hart Van Nederland» гәзетіне сілтеме жасап.

834829

Мақала алдымен қыздың әкесі Ханс де Борсттың Фейcбугінде жарық көрген. Кейін «Hart Van Nederland» гәзеті жариялаған.

Жанын қайғы мүжіген әкенің хаты былай басталған дейді «Хаффингтон Пост»: « Сіздерге өте-өте үлкен рахмет, Путин мырза, сепаратистердің басшылары немесе Украина үкіметі. Менің сүйікті де жалғыз баламды өлтіргендеріңе рахмет».

Ханс де Борсттың қызы Elsemiek бейсенбіде Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алып, Украинаның шығысына жеткенде атып түсірілген әуе лайнердегі 298 жолаушының бірі. Қыршынынан қыйылған қыз сол ұшақпен ағасы, шешесі және өгей әкесімен бірге Малайзияға саяхаттауға бара жатқан екен.

Ханс де Борсттың жазбасын «Хаффингтон Пост» Голланд тілінен былай аударғандығын айтыпты: «Мырзалар, қызымды бір оқпен күл-талқан қылып, өздерін бақытты сезінген сендердің таңертең орындарыңнан тұрғанда айнадан өздеріңді бір көрулеріңді тілеймін!».

Қайғыдан қан жұтқан Ханс де Борс хатының соңын Владимир Путиннің жеке өзіне арнаған екен: ««Путин мырза: Мен сіздің көзіңізді ашып тұрып, біздің премьер-министр Рюттемен адамша сөйлесуіңізді тілеймін!!!».

Атып түсірілген әуе лайнердегі жолаушылардың басым көбі голландтар.

«Оқиға орнындағы Нидерланды мамандары қаза тапқандардың кімдер екендігі анықтала салысымен, туысқандарына хабарлаймыз деп отыр»,-дейді CNN-дықтар. «Бұл анқытаулардың кейбіреуі тез болғанымен, бірнеше апта немесе бірнеше айға созылатындары да бар»,-деп ескерткен Нидерленды премьер-министрі Марк Рютте.

Дереккөз: «Хаффингтон Пост» және CNN.

Әзірлеген Талғар Дәлелғазы

"Қамшы" сілтейді - qamshy.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар