Р.ЭРДОҒАН Б.ОБАМАМЕН СӨЙЛЕСУДІ ДОҒАРМАҚ

/uploads/thumbnail/20170708153135705_small.jpg

Түркия Премьер-Министрі Реджеп Эрдоған АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы жеке сөйлесуден тыйылғанын мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпрат шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Өткен жолы мен Обамаға тікелей қоңырау шалдым. Ендігі уақытта біздің сыртқы істер министрлеріміз өзара сөйлесуде. Өйткені, мен Сирия бойынша күткен нәтижелерге қол жеткізе алмадым», - деген өз мәлімдемесінде Түркия премьері Р.Эрдоған. Ол: «Мен әділдікті күткен едім және әділдік жақтастары саналатындардан мұндайдың  шығатынын елестете де алмаймын»,- деп кейіген.

Айта кететін болсақ, Вашингтон мен Анкара арасындағы дүрдараздық АҚШ-тың Сирияға қатысты әскери операция жүргізбеуінен кейін туындаған еді. Ал әскери операцияның орын алуына Р.Эрдоған үміт артқан болатын. Бұдан бөлек Түркия Премьер-Министрі мен Вашингтон арасында Газа секторындағы  оқиғаларға қатысты қарама-қайшылықтар бар. Еске салсақ, 2 аптаның ішінде Израиль әскері 580-нен астам палестиндікті өлтірген. Осыған орай Р.Эрдоған бұл оқиғаларды «мемлекеттік лаңкестік», «геноцид» деп бағалап, АҚШ-тың Израильге қолдау көрсетуін сынаған еді.

“Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар