Биыл 300 мыңдай бала мектеп табалдырығын аттайды

/uploads/thumbnail/20170708153143275_small.jpg

Биыл елімізде 300 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментіне сілтеме жасап.

"2014-2015 оқу жылының басында бірінші сыныпқа баратын оқушылардың болжанып отырған контингенті 277 575 баланы құрайды", - деп хабарлады департамент мамандары.

Еске салайық, былтыр елімізде 260 мың бала мектепке тұңғыш рет барған еді. Департаменттің мәліметінше, республикада барлығы 7649 мектеп бар, оның 7307-і - жалпы білім беретін күндізгі мектеп. Мектептердің үштен екісі - 3796 мектеп қазақ тілінде, 1349-ы орыс тілінде оқытады. Министрлік мамандарының мәліметінше, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде елімізде 68 жаңа мектеп ашылады. Шығыс Қазақстан облысында 18, Оңтүстік Қазақстан облысында 17, Астана қаласы мен Қызылорда облысында алты, Атырау облысында тоғыз мектеп пайдалануға беріледі.

Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар