Сейсенбіге қараған түні Газа секторында израильдік әскерилердің операциясы қайта жанданды деп хабарлайды Baq.kz BBC-ге сілтеме жасап. Соққылар ХАМАС ұйымының медиа орталығы мен ұйым жетекшісі Исмаил Ханияның бұрынғы үйіне жасалған..
Қарулы шабуылдың салдарынан кемі 13 палестиналық көз жұмды. Олардың барлығы да босқындарға арналған Буреджи лагерінде күнелтіп келген. Ал, кешегі қақтығыста Израиль тарапы бес сарбазын жоғалтты.Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газадағы операцияның ұзаққа созылатынын айтқан еді. Ол ХАМАС ұйымын түбегейлі жоймайынша Газадан кетпейтінін мәлімдеді.
Қамшы-ақпарат
Пікір қалдыру