АҚШ әлемдегі дін еркіндігі туралы есебін жариялады

/uploads/thumbnail/20170708153144247_small.jpg

АҚШ мемлекеттік департаменті әзірлеген халықаралық діни еркіндік туралы есеп бойынша, 2013 жылы әлемде діни ұстанымына бола тұрғылықты жерінен кетуге мәжбүр болғандар саны ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. “Әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған мұсылман, христиан, индуистер мен басқа да діни конфессиялар өкілдері діни ұстанымына байланысты тұрып жатқан жерін тастап кетуге мәжбүр болады” делінген мемлекеттік департамент есебінде.

Тәжікстанда, Түркіменстан мен Өзбекстанда да мемлекет мақұлдаған діни әрекет қана заңды деп танылады екен. Баяндаманы әзірлеген сарапшылар Пәкістан билігін құдайға тіл тигізу туралы заңын қолданады деп сынаса, Ресейде “экстремизмге” қарсы жаңа заңдар мен заңнамаларға енгізілген түзетулер діни топтардың әрекетін одан ары шектей түсу үшін қолданылады деп қортынды жасаған. Осы ретте Қазақстан әр түрлі діндердің қатар дамуына жол ашқан зайырлы мемлекет болып саналады.

 Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар