Израильдың қорғаныс министрі еврейлерді Франциядан кетуге шақырды

/uploads/thumbnail/20170709191417806_small.jpg

Израильдың қорғаныс министрі Авигдор Либерман Францияда түратын еврейлерді бұл мемлекеттен кетуге шақырды. Ол бұл сөзін Парижде өтетін таяушығыстық бейбітшілік конференциясы аясында мәлімдеді.

«Франциядағы еврейлерге айтатын кез туды: бұл сендердің елдерің емес, жерлерің де емес, қайтатын уақыт келді», – деп мәлімдеді министр.

Либерман конференцияны мемлекетке және өзінің атына дақ түсіретін «Израильға қарсы трибунал» деп атады.

Қаңтар айында Парижде Израиль мен Палестинаның арасындағы шиеленісті реттеу жолдарын қарастыру мақсатында көп жақты форум өтеді. Алайда, Израиль конференцияға қатысудан бас тартып, Францияны конференцияны өткізуден бас тартуға шақырып отыр.

Қатысты Мақалалар