ОТРК бас директоры Илим Карыпбеков өзінің парақшасында Жогорку Кенештің гардеробында қалай жұмыс жасайтынына таң қалып, жазба мен фото қалдырыпты.
Фотода ол келушілер сырт киімдерін өздері ала беруге болатыны жайлы жазбаны суретке түсіріп алған. Оны интернетке салып жіберіпті.
Желі қолданушылары әйелге жақтасып, ол жалғыз өзі балаларын бағып отырғанын жеткізген және оның жақсы әйел екенін айтып, фото әйелге қарсы қолданылмаса екен деп уайымдайды.
«Супер.kg» газетіне гардеробшы әйел хабарлағандай, оны бүгін жұмыстан шығарды. Ол өзінің дәретханаға шығып кеткен кезде жазба қалдырғанын айтады.