Орыс тілі Украинадағы беделін жоғалтты

/uploads/thumbnail/20170709191500498_small.jpg

Жоғарғы Үкіметте орыс тілінің Украинадағы беделі мен оны қорғау жөніндегі экономикалық жоба пайда болды деп хабарлайды dni.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Мұндай Украина күтпеген жаңалақты «Оппозициялық блок» фракциясының депутаты Евгений Балицкий енгізген.   «Украинадағы басқа тілдер мен орыс тілінің беделі, мемлекет тарапынан қолдау тауып дамыту жөніндегі құжат» деп аталады. Депутаттар, шамамен, 2017 жылдың 17 қаңтарынан бастап қана бұл заңға толығымен кірісе алады, себебі өткен жетіде барлығы қысқы демалысқа кеткен екен.

Орыс тілі – Украинадағы  екінші ең көп таралған тіл, әрбір үшінші украиндық оны ана тілі ретінде қабылдайды, Украина халқының жартысынан көбі орыс тілінде таза сөйлейді.

Орыс тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болмағанымен, бұл мәселе төңірегінде соңғы жылдары көп дау туындай бастаған.

2014 жылы Украина билігі ауысқаннан соң, елден орыс тілін толығымен жою мақсаты көзделген. Украина президенті Петр Прошенко орыс тілін мемлекеттік тіл мәртебесі, сонымен қатар, қоғамдағы беделінен айыру мақсатында бар күшін жұмылдыруда. Соңғы екі жылда орыс тілінде жазылған маңдайшалар, жарнамалар, вокзал, метро, аэропорттағы хабарландырулар – барлығы алынып, украин тіліне ауысқан, мектеп оқулықтары жаңадан жазылып, кинолардың барлығы мемлекеттік тілде дыбысталатын болған.

Украина елінің жаңа билігі ресейлік әртістердің де гастрольдік сапармен келуіне тыйым салып, қара тізімге жататын әншілердің тізімін жасаған. Ол тізімге, тіпті, Украина елінде туып-өскен Наташа Королева атты әнші де еніп кеткен.

Орыс тілін мемлекет тарапынан қолдап, қорғау бүгінгі таңда парламенттің міндетінен шығып отыр. Осыған байланысты Евгений Балицкий ұсынған орыс тілін қорғау жөніндегі жобасы Жоғарғы Үкіметте қаралып, қолдау таппауы әбден мүмкін.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар