Сталиннің даяшысы ол туралы адам шошырлық дәйектерді келтірді

/uploads/thumbnail/20170709191503564_small.jpg

«Үлкен үштікті» 1945 жылы Ялта конференциясы кезінде қалай күзетті.

«Менің фужерім құлап, сынып қалды. Осы кезде есік ашылып, Сталин кіріп келді. Ол меннен «нені сындырдың? Ештеңе етпейді. Бұл жақсылықтың нышаны. Той болады» деді деп еске алады Ялта конференциясында 1945 жылдың ақпан айында даяшы қызметін атқарған Магдалина Исина.

Бірнеше жыл өткеннен кейін ғана 17 жасар Магдалина Сталин, Рузвельт, Черчильге қызмет көрсеткен Ялталық кешкі ас әлемді қалай өзгерткенін  біледі.

Паркетті басқанда даяшылардың аяқ киімдері дыбыс шығармауы үшін оған мақта жабыстырып қойды. Көшбасшылар келешек әлемнің сәулетін тыныштықта ойлап тапты. Қауіпсіздік шаралары қатал түрде сақталды. Әскери кеме бақылауда болды, әуе аймағын қарайтын 30 күзетші тұрды, Ливадийский сарайына баратын жолды 800 жедел қызметкер жауып тастады.

Олардың арасында халықтық ішкі істер комиссариатының майоры Петр Грищенко да бар. «Сарайдан 30 шақырым жерге дейін орналасқан үйлердің барлық тұрғындары көшірілді» дейді Грищенко.

Конференцияға бірнеше ай бойы дайындалды. Черчиль мен Рузвельт конференцияны  Шотландияның солтүстігінде өткізуді ұсынды. Бірақ Сталин оған юбка киген ер адамдар ұнамайтынын және тұман зиян екенін айтып, бас тартқан. Кешірек Римде, Мальтада және Кипрде кездесуді өткізбейтін болды. 1944 жылы 23 желтоқсанда Рузвельт Черчильге жазған хатында: «Егер Сталин бізбен Жерорта теңізінің ауданында кездеспесе, Қырымға Ялтадағы кездесуге баруға әзірмін» деп жазған. Черчиль операцияны «Аргонавт» деп атауды сұрады.

Кабинеттердің бірінде құпия кездесу өтті. Онда Сталин мен Рузвельт КСРО Жапонияға қарсы соғысқа қосылатыны туралы айтылды. Конференцияның тағы бір аймағы – бомбадан қорғанатын сталиндік құпия бөлме. Әбден қажалған баспалдақ көп деңгейлі казематқа алып келеді. Ол ешқашан телеарнадан көрсетілмеген.

Сталиннің жеке бункері. Оның тереңдігі – 10 метр. Қабырғасы қалың бетоннан жасалған. Ал бөренелері темірден. Бұл жерде жеке кабинет, ас бөлме мен басқару орталығы орналасқан. Ол әскери уақыт болды. Сол жерде отырып армия мен бүкіл елді басқаратын. Алайда Сталин бұл жерге өте сирек түсетін. Ал түнде сарайдың жатын бөлмесіне көтерілетін.

Ол уақытта адамдар өте аз ұйықтайтын. Ол үшін арнайы жүйе құратын. Оның көптеген элементтері әлі күнге дейін қолданылады. КСРО Оңтүстік Сахалиндегі 56 аралды алды. Шығыс Пруссияның бір бөлігінде қазіргі Калининград облысы құрылды. Кеңес Үкіметі Львов және Шығыс Украина мен Белоруссияның кейбір жерлерін иемденді. Польшамен шектесетін шығыс бөлігі 1920 жылы орнатылған «Керзон сызығымен» жүргізілген. Польшаның өзі бұрыңғы неміс территориясының арқасында шекарасын кеңейтті. Бұл жөнінде Варшавада көбіне айтпайды.

Сарайда өткен ғылыми конференцияда қазіргі заманның шиеленісі туралы талқыланды. Ол жерге дүние жүзінен саясаттанушылар, журналистер келді.

Ялтадан кейін сұрапыл соғыс болды. Оның қызу соғысқа айналмағандығы Ялта конференциясының ең басты жетістігі сол болса керек.

 

Қатысты Мақалалар