ШЫҢЖАҢДА ОНДАҒАН АДАМ ҚАҚТЫҒЫС ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170708153148148_small.jpg

Қытай ресми баспасөз құралы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Шаче уезінде 29 шілде күні бір топ қарулы адамның билік мекемелеріне шабуыл жасағаны туралы хабаралған. Шин Хуа агенттігінің дерегінше, пышақпен қаруланған белгісіз топ полиция бөлімшесі мен әкімшілік мекемесіне шабуылдап, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан. Құрбан болғандар - этникалық ұйғырлар мен қытайлар.

«Азаттық радиосы» Мюнхенде орналасқан дүниежүзілік ұйғыр конгресінің өкілі басқадай ақпарат таратқаны туралы жазды. Конгресстің хабарлауынша, Шыңжаңда демонстранттар мен полиция қақтығысқан, 20 ұйғыр мен 13 полицей қаза тауып, 10 адам жараланған, 67 адам тұтқындалған. Конгресс өкілінің дерегіне қарағанда, ұйғырлар Қытай билігінің қудалауына қарсылық білдірген.

Шыңжаңдағы ұлттық теке-тірестің басты себебі ұйғырлардың тәуелсіз мемлекет құруға деген талпынысы болып табылады. Бұған Бейжің террористік әрекет ретінде қарап келеді. Соңғы жылдары ханзу ұлтымен жиі қақтығысып қалатын ұйғырлар жиі қоныстанған аумақта бақылау қатты күшейген, соған қарамастан ішінара радикалдық әрекеттер толассыз жалғасып келеді.

Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар