Анасы нәрестесін 8800 долларға сатпақ болды

/uploads/thumbnail/20170708153149030_small.jpg

Ақтөбеде безбүйрек ана жаңа туған сәбиін 8800 долларға сатпақ болды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылғы 29 шілдеде Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері 24 жастағы қызының жаңа туған баласын жеке күнкөріс мақсатында сатпақшы болған 48 жастағы әйелді қолға түсірді. Келіп түскен жедел ақпарат бойынша келісімді қыздың анасы жүргізген. Қызының босануы алдында, яғни 2014 жылдың мамырынан бастап болашақ баланы алатын клиент іздеген және өтемақы ретінде Ақтөбе қаласынан 2 бөлмелі пәтер талап еткен. Бірнеше кездесуден және телефон арқылы сөйлескеннен кейін күдікті баланы 1 млн.600 мың теңгеге сатуға келіскен», - делінген ведомство хабарламасында.

Сатылмақ болған бала 27 шілдеде Ақтөбе қаласы МЖЖА босану бөлімшесіне  өмірге келген. Нәресте қыз бала болыпты. Кейін қыздың анасы баланы ауруханадан шығарған кезде ақшаны бірден беруді талап еткен. Олар осы «сатылым» кезінде, 2014 жылғы 29 шілдеде қолға түскен. Санкцияланған тінту барысында ақша және босанған әйелдің атына берілген құжат тәркіленген. Күдіктілерге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды және ҚР ҚК 133-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарланған ведомство мәліметінде.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар