Кубада көшелер мен алаңдарды Фидель Кастроның есімімен атауға тыйым салды

/uploads/thumbnail/20170709191526435_small.jpg

Кубада Фидель Кастроның атын қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салды. Кубиндық парламент заңға сәйкес бір ауыздан бұл шешімді қабылдады. Заңда көшелерді, алаңдарды және ғимараттарды Кастроның есімімен атауға тыйым салды. Сондай-ақ, оған ескерткіш орнатуға, оның бейнесін жарнамада және коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат етілмейді.

Мемлекеттің қазіргі басшысы Раул Кастро оның ағасы жеке басқа табынуды қаламағандықтан осындай заңды қабылдағанын айтады. Фидель Кастро тірі кезінде оның құрметіне ескерткіш орнатып, көшелерді атауға жол бермегенін тілге тиек етті.

Фидель Кастро осы жылдың 26 қарашасында Гаванда 90 жасында қайтыс болды. Кастро 1959 жылы кубиндық революцияны басқарды. Билікті басып алған соң, елді 47 жыл бойы биледі. 2006 жылы шілдеде ауыр халде болғандықтан, мемлекет басшылығын ағасы Раулге тапсырды. Алғашында уақытша, кейіннен 2008 жылы біржола билікті қолына алды. 4 желтоқсан күні оны Сантьяго-де-Куба қаласының зиратында жерледі.

 

Қатысты Мақалалар