Өзбек азаматының әрекеті ресейліктерді таң қалдырды

/uploads/thumbnail/20170709191524004_small.jpg

Мәскеудегі «Фудсити» азық-түлік базасында жұмыс істейтін Өзбекстанның тумасы әлеуметтік желіде халықтың қошеметіне бөленді.

Балалар хосписына көмек көрсетіп жүрітен Ирина Фесенко өзінің Facebook парақшасында балаларға жаңа жылға арнап абхаздық мандариндерді сатып алу үшін азық-түлік базасына барғанын жазды.

Ирина Фесенко ол жерден жоғары санаттағы бірнеше жәшік жеміс-жидекпен қайтамын деп ойламады. Иринаның азық-түлік алудағы мақсатын білгенде қарапайым мұсылман жұмысшы бірнеше жәшік азық-түлікті балаларға сыйлық ретінде беріп жібереді. Онда құрма, қызанақ т.б көкөністер мен жеміс-жидектер бар.

«Бүгін күн суық болды. Жылыну үшін үйге асығып барамын. Жаңы жылға дейін аз қалды. Мәскеудің балалар хосписында өтіп жатқан акцияға әлі мандарин алмағаным есіме түсіп (мейрам екенін білдіру үшін мандарин немесе қандай да бір тәтті алып келу керек) көлікті бұрып «Футситиге» қарай беттедім. Екінші қатарда мандариннің иісі аңқып тұр. Арбалардың арасынан өтіп, абхаздық мандаринді іздеп келемін. Түрік, сербтік, соңына қарай Абхазия деген жазуды көрдім. Дәмін көрдім...жоқ, ол емес. «Анаммен ант етемін, Абхазия» дейді сатушы. Былай алдаудың қажеті не? Күнә ғой бұл...Жаным жабырқап тұр. Үш жәшік сербтің дәмді мандаринын сатып алдым. Оның барлығын тәжіктің арбасына салып, шығып барамыз. Шыға берісте өзбек қауынын көріп қалдым. Мерекелік дастарханға сұранып тұрғандай. Сатушы қауынды өлшеп тұрып «өзіңізге мандаринды артығымен сатып алған жоқсыз ба?» деп сұрады. Бұл балалар үйіне жаңа жылға арналғанын айттым. Орысша нашар сөйлейтін сатушы «қайда?» деп қайта сұрады. Бірден құрма салынған жәшікті алып мынаны менің атымнан балаларға берерсің деді» деп жазады Ирина Фесенко.

Ер адамның бұл әрекетіне тәнті болған Ирина мұндай жомарт сыйдан бас тарта бастады. Сатушы ештеңеге қарамай балаларға өз сыйын беретінін кесіп айтты.

«Бұл сыйыңызға қалай ризашылығымды білдіре аламын» деген сауалға «Алла, Омарды марапатта» деген сөйлемді айтуды сұрады.

«Сезімдерім бір-бірімен шатасып кетті...Алайын ба, әлде алмайын ба...қалайша тегін...Осы кезде сатушы ойымды бөліп жіберді, олардың аналары жоқ па? Аналары бар бірақ бұл балалар аураханада жатыр. Көбісі жазылмайтын ауруға шалдыққан. Біз оларға кішігірім мейрам ұйымдастырып бергіміз келеді. Сол кезде ер адам бір жәшік өзбек қызанақтарын алып менің арбама салды. Бұл да балаларға. Жоқ...керек емес...оны жеуге болмайтын шығар (іштей бұл жігітті қалай ризашылығымды білдіретінімді түсібеймін)...Болады..мен білемін...болады дейді ол. Тек бұл сыйымды бергенде «Алла, Омарды марапатта» деп айтсаңыз болды» деп қорытындылады Ирина Фесенко.

Дерек көз: nuz.uz

 

Қатысты Мақалалар