Түркияның президенті Реджеп Тайип Эрдоған АҚШ басқаруындағы «Ислам мемлекеті» террористикалық топқа қарсы күрес жүргізетін коалицияны айыптады. "Уәделеріңде тұрмадыңдар және террористерді қолдадыңдар" деп кінә тақты, деп хабарлайды Deutsche Welle .
«Коалицияның күші, өкінішке қарай, дәл қазіргі сәтте берген уәделерін ұстанбайды», – деді Эрдоған Анкарадағы пресс-конференцияда.
Оның сөзінше, коалиция «ИГ» және күрдтік «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағына» қолдау білдіріп отыр.
«Олар бізді ИГ-ға қолдау білдіріп отыр деп айыптады. Ал енді өздері террористикалық топты қолдап отыр, оның ішінде ИГ, YPG және PYD бар. Оған күмән жоқ. Біздің қолымызда сөзімізді айғақтайтын суреттер мен видеожазбалар бар», – деді Р. Эрдоған.