Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа бәрінен бейім

/uploads/thumbnail/20170709191520440_small.jpg

Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

2016 жыл бойынша құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы мәселелері талқыланды.

 

Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа бәрінен бейім күйінде қалып отыр. Жыл сайын қызметкерлер 200 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасайды.

 

Қаңтардан бастап Әдеп кодексі қолданысқа енгізіледі, ол қоғамның сенімін нығайтуға және әдептен тыс мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Осы уақыт ішінде 750-ден астам қызметкер жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған (қызметтен тыс байланыстар орнатқаны, мас күйінде автокөлік басқарғаны, қызметтік тәртіпті бұзғаны, әдептен тыс мінез көрсеткені үшін).

 

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Талған Татубаев пен Бас прокуратура Кадр жұмыстары департаментінің бастығы Александр Огай баяндады.

 

Ұлтбюро басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп әзірленген Жол картасының таныстырылымын жүргізді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алудың тиімді жүйесін құруды, өз қатарларында әдеп стандарттарын сақтауды көздейді.

 

Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы мақұлданды.

Қатысты Мақалалар